30 Сәуір, 2016

Британиялық инженер ұшатын мотоцикл құрастырды (видео)

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-04-2016 britainАСТАНА. 30 сәуір. Ұлыбританияда Колин Ферз есімді инженер өзінің гаражында ұшатын мотоцикл – ховербайк құрастырды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін ховербайкты тексеруден өткізген сәтін видеоға түсірген.  Жаңа туындының жерден шамамен 50 сантиметрге дейін көтеріліп, бірнеше метрге дейін ұшқанын байқауға болады. Инженер мотоциклге екі пропеллер қойылған қозғалтқыш орнатқан. Айта кетейік, Стэмфорд қаласында тұратын Ферз өзі ойлап тапқан туындыларымен танымал. 2016 жылдың сәуір айының басында ол ерекше гранататқыш ойлап тапқан болса, 2013 жылы жылдам жүретін балалар арбасын көпшілікке таныстырған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: lenta.ru.