30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №221

705 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2015 жылғы 20 сәуір,   Астана қаласы «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық  іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б.Бекетаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _______________ Е.ДОСАЕВ 2015 жыл 23 сәуір Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №221 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жасалады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш; 2) сот бұйрығы немесе судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесі; 3) сот актiсінің негiзiнде берiлген атқару парағы (сот бұйрығы мәжбүрлеп орындатуға ұсынылған жағдайда атқару парағы берілмейді); 4) сенімхат. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру кезінде қағаз жеткізгішінде өтініштің қабылданғанының дәлелдемесі ретінде оның көшірмесінде кеңседе құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты белгіленіп тіркелгені туралы белгі болып табылады. 10. Мыналар: 1) атқарушылық құжаттың өндіріп алушының өтінішінсіз ұсынылуы не өтінішке өндіріп алушының немесе оның өкілінің қол қоймауы; 2) атқарушылық құжаттың атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмеуі; 3) атқарушылық құжатты орындауға ұсынылатын мерзімнің өтіп кетуі және оны соттың қалпына келтірмеуі; 4) құжаттың атқарушылық құжат болып табылмауы не атқарушылық құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі; 5) атқарушылық құжаттың бұрын орындауға ұсынылуы және ол бойынша атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы; 6) дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжат болып табылатын немесе оның негізінде атқарушылық құжат берілген сот актісінің, орган (лауазымды адам) актісінің заңды күшіне енбеуі; 7) атқарушылық құжатқа судьяның қолымен және соттың мөрімен расталған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісі көшірмесінің қоса берілмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не Министрлік басшыларының атына беріледі. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу оның қабылдануын растау болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады). Шағымда: 1) жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы; 2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.adilet.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-83. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш _________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) _________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжаттарды орындау бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________________________________________________________________ (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен ______________________________________________________________________________________________. көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі) Электрондық почта___________________________________________. Телефондары __________________________________________________. Факс _______________________________________________________. Осы өтінішке _____________________________________ қоса беремін. Осымен: барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады. _________      __________________________________________________ (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Мөр орны        Толтырылған күні: 20 ___ жылғы « ___ » _______ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10963 болып енгізілді.