Осы жылдың 3 қазанынан бастап екі, бес және он мыңдық купюралар қолданыстан алынып тасталады. Бұл ақшалар 2006 жылы шыққан. Сондықтан да, қаржы мамандары айналымда жүрген 300 миллиард теңге болатын ескі банкноттардың күшін жоюды құп көріп отыр.
Ұлттық банк басшылығы қазақстандықтарға қолданыста жүрген аталған купюралардың қазан айына дейін жарамды екенін тексеруде. – Егер де қазіргі таңда аталған банкноттарды қандай да бір мекеме қабылдаудан бас тартса, Ұлттық банкке барып, шағымдануға толық құқыңыз бар, – дейді қаржы мамандары. Сондай-ақ, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы басшысының орынбасары Андрей Балахметов «Бәйтерек бейнеленген жалпы сомасы 300 млрд. теңгенің купюралары айналымнан алынуда. Егер сіз үйден осындай ескі ақшаны тауып алсаңыз, алайда, оны ауыстыру уақыты өтіп кетсе, абыржудың қажеті жоқ. Өйткені, келер жылы толығымен айырбастап алуға құқыңыз бар», – дейді.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша аталған банктің барлық бөлімшелері 2016 жылдың 3 қазанынан бастап, 2020 жылдың 3 қазанына дейін төрт жыл бойы купюраларды ауыстыру аясында жұмысын жалғастыра береді.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05