Күйші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айтолқын Тоқтағанның Ұлттық музейде өткен «Бұлбұл» лекция-концерті Дина Нұрпейісованың 155 жылдық мерейтойына арналды.
Күй анасы Динаның мерейтойы құрметіне орай өткізілген шарада сөз сөйлеген Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай құдіретті күй өнерінің кейінгі жас буыны арасында өзіндік қолтаңбасымен танылған Айтолқын Тоқтағанның шығармашылық жолына сәттілік тілей келіп: «Дина – кешегі халық сазгерлерінің шығармаларын бізге дейін жеткізген шебер орындаушы, Құрманғазының шәкірті, қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған тұлға. 8-9 жасынан бастап орындалуы қиын күйлерді меңгеріп алған десек, мінеки, біздің өнер жолында жүрген талантты Айтолқындай жастарымыз да осы анамыздан қалған асыл мұраны жалғастырушылар. Сондықтан да, жас өнерпаздардың шығармашылық шабытының шарықтай беруіне тілектеспін», – деді.
Мерекелік шара барысында Айтолқын Тоқтаған Дина Нұрпейісованың «Көгентүп», «Жаңа бозшолақ», «Он алтыншы жыл», «Бұлбұл», т.б. күйлерін байырғы үлгісімен, бабына келтіре орындады. Әр күйдің шығу тарихы мен тартылу ерекшелігі жайындағы тұшымды әңгімелер кеш мазмұнын арттырды. Сонымен қатар, өнерсүйер қауым Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Байжігіт, Сүгір, Сейтек сынды белгілі халық композиторларының туындыларына қанықты.
Күй кешін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әсем әнімен әспеттеді. Шара негізінен Ұлттық музей жанынан құрылған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерін жаңғырту мен насихаттауға арналған «Дәстүрлі музыкалық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
«Егемен-ақпарат»

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10