Астананың Жастар театрында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тіл тұғыры – ел тұғыры» атты мерекелік сазды кеш өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараның ұйытқысы қалалық тіл басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев көпшілік алдында сөйлеген сөзінде бұл бағдарламаның басты мақсаты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген азаттығымызды, егемен еліміздің баға жетпес байлығы – ұлтаралық татулықты ұлықтау екендігін, осы орайда мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өсіруге айрықша мән беріліп отырғандығын, өйткені, туған тіліміздің тұғырын биіктету елдігіміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап көрсетті.
Көрермен көңілінен шыққан концертте Ардақ Балажанова, Тамара Асар, Анар Мұздаханова, Ибрагим Ескендір секілді сахна саңлақтары ән шырқап, күй күмбірлетті. Жиналған жұрт, әсіресе, Шаһризат Сейдахмет, Эльдана Габерман және Татьяна Ким үш тілде орындаған көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқовтың әндерін өте жылы қабылдады.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше