30 Сәуір, 2016

Елек өзеніне шабақтар жіберілді

413 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Балық -1«Қазхром» ТҰК» АҚ-тың филиа­лы – Ақтөбе фер­роқорытпа зауыты табиғат қорғау шара­ларына баса маңыз береді. Былтырдан бері кәсіпорын өзен-көл­дерді балықтандыруға атсалысуда. Бұл бастаманы бұдан былай жыл сайын жалғастыру көзделуде. Биыл да кәсіпорын жылдағы дәстүр бойынша Ақтөбе қа­ласының іргесіндегі Елек өзеніне тез көбейетін 46290 бір жылдық ұсақ тұқы ша­бақтарын жіберді. Осы игілікті іс-шараны ой­дағыдай жүзеге асыруға 3,5 миллион теңгеге жуық қар­жы бөлінді. – Өзен-көлдерді балық­тан­дыру шарасына металлургтер де өз үлестерін қо­сып, осымен екінші рет қа­­тысып отыр. Былтыр Елек өзеніне тез өсетін 50 мың тұқы балықтарын жі­берсе, биыл да бұл бас­тама жал­ғасын тауып ұсақ ша­бақтар «Ардағым» шаруа қожа­лығынан алынып өзенге жібе­рілді. Мұндай шара­­лар қала­мыздың экологиялық ахуалын жақсартуға, өзен­­­­­дердің балық қорын көбей­туге мүм­кіндік береді, – дейді энер­ге­тикалық қам­та­масыз ету басқармасы бас­­тығының жылу-энергетика жөніндегі орынбасары Өсербай Қайнекеев. – Өзен-көлдерді ба­лық­­тан­дару бас­тамасына Ақтөбе ферроқорытпа зауы­тының ұжымы облыс бойынша алғашқылардың бірі болып үн қосып, Елек өзенін балықтандыруға атсалысқан бірден-бір кәсіпорын болып табы­лады. Металлургтер уә­десіне берік, істеріне адал екендіктерін тың­ғы­лық­ты істерімен дә­лел­деп, қала тұрғындарына үлкен қуа­ныш сыйлап, облыстың эко­логиялық мәселелерін шешуге ұйытқы болуда, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқар­масының басшысы Нұржан Аққұл. Бұл кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау бағытында зауыт­тағы газдан тазарту сүзгілерін ауыстыру, өндіріс аймағына ағаш отырғызу, көгалдандыру, абаттандыру, экологиялық айлықтар өткізу, сенбіліктер ұйымдастыру сияқты шараларды тұрақты өткізіп отырады. Ағымдағы жылы зауыттың қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмыс жос­парында эко­логиялық шараларды жүзеге асыруға 1782 674 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда осы басқарманың бастамасымен 2006 жылдан бері қала және өндіріс аймағына бір миллионнан астам түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Алғаш рет металлургтердің қолымен отырғызылған көшеттер бүгінде зәулім ағаш болып бой түзеп, қала және өндіріс аймағына ерекше сән беріп, көркіне көрік қосуда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы