25 Қаңтар, 2011

«Егемен Қазақстанның» VІІ Қысқы Азия ойындарына арналған беті

468 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Азиада жаршысы

Азиадаға 5 күн қалды

Ақмолалықтардың ақ тілеуі Қысқы Азия ойындарының алауы өткен жұманың кешінде Көкшетау әуежайына жеткізілді. Бір кезде ұшып қону алаңына Төтенше жағдайлар министрлі­гі­нің «АН-317» ұшағы қонып, одан қолдарына алау шынысы мен мобилдік ыдыс ұстаған алау эстафетасы дирекциясы басшы­с­ының орынбасары Сәрсен Құ­ранбек бастаған топ түсті. Оларды Көкшетау қаласы­ның әкімі Мұнарбек Батыр­ханов, облыстық ішкі саясат басқарма­сының бастығы Гүл­жанар Шө­кеева, облыстық туризм, дене тәр­биесі және спорт басқармасы­ның бастығы Юрий Соловьев, «Қазақстан халық банкі» Ақмола филиалының ди­ректоры Талғат Жапаров, «Ар­ғы­мақ» диллерлік орталығының директоры Вадим Богапов қар­сы алды. Алақай шаттық әуе­леп, ұлттық киімдегі қамажай қыздар шашу шашты. Эстафета алауын қабылдап алған Көкшетау қаласының әкі­мі Мұнарбек Батырханов өз сө­зінде Қысқы Азия ойын­дары­ның алауы эстафетасын қабыл­дау үшін қалада атқарылған игі­лікті істерге тоқталды. Бай­рақ­ты бәсекеге ақмолалық 8 спортшы қатысады. Жерлестеріміз олардың биік тұғырдан көрі­нетініне сенімді. Ал сенбіде Азиада алауы жа­нып тұрған шыны мен мобилдік ыдыс Көкшетау қаласынан Бурабай ауданына жеткізілді. Таңер­тең Бурабай кентіндегі «Визит» орта­лығы алаңына халық көп жи­налып, сахнадағы концерттік бағ­дар­ла­ма­ны тамашалады. Көпші­лік­ті Ақ­мо­ла об­­лысының әкімі Сергей Дьяченко, Бурабай ау­да­ны­ның құр­мет­ті аза­маты Қайыр­лы Құрманов, Олимпиада чем­пионы Владимир Смирнов, академик Болат Мұқанов құттық­тады. Эстафета дирекциясы басшы­сы­ның орынбасары Сәрсен Құ­ранбек алауды облыс әкімі Сергей Дьячен­коға табыс етті. Өңір бас­шысы 200 метрге жүгіріп, алау эстафетасын бастады. Одан кейін алауды «Ал­тынтау-Көкшетау» акционерлік қо­ға­мының президенті Әлидар Өте­мұ­ратов қабылдап ал­ды. Алауды алып жүру құр­метіне танымал спорт­шы­лар, әкімшілік және әлеу­меттік сала қызмет­кер­лері, кәсіпкер­лер, спорт ар­дагерлері, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты. Абылай хан алаңындағы эстафета­ның со­ңында алауды Олимпиада чем­пионы Владимир Смирнов қа­был­­дап, оны Бурабай ауданы­ның әкімі В.Бала­хон­цевқа табыс етті. Аудан әкімі Абылай хан ала­ңындағы мобилдік ыдысқа Алау эс­та­фетасы­ның отын қойды. Осы алаң­нан Азиада алауы Көкше­тау қаласына жол тартты. Облыс орталығындағы алау қала әкімі Мұнарбек Батыр­ханов­қа сал­та­натты түрде табыс етілді. Бұдан кейін соғыс және еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құр­метті аза­маты Асылбек Дәулетов құттықтау сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.

Қаңтар. аяз. алау. қуаныш.

Азиада алауы жексенбі, 23 қаңтар күні кешкісін сағат 18. 30-да біздің об­лысқа да келіп жетті. Әуежай ба­сы­нан VII Қысқы Азия ойын­дары Алау эс­та­фетасы ди­рек­циясы же­тек­шісінің орын­басары Сәр­сен Құ­ран­бек бастаған делега­ция­ны қала әкімі Ба­қытжан Жоламанов, басқа да құры­лым бас­шы­лары күтіп алды. Арман мен сенім, достық алауы ар­на­йы ұшақпен міне, осы­лай сал­та­натты түрде жеткізілді. Қаң­тардың күні болса, әлі қақап тұр. Бірақ «Алау келе жатыр!» деген хабар кү­тіп алушыларды са­ры аяз­дың суығына да қа­ратқан жоқ. Айнала, әуежай ма­ңайы жарқын, әсем мерекелік көңіл күйде. Бұл мерекелік күй бүгін одан әрі об­лыс орта­лығында жалғасты. Үлкен-кіші демей, ұлттық киім киінген әжелер бар, алаңға көп адам жи­налыпты. Жалпы, облыс орталығында өте­тін «Алау» шарасы екі кезеңнен тұрды, яғни, қаламыздың көрікті жерлерімен өтетін Азиада алауының алғашқы кезеңі «Достық үйі» ал­ды­нан бастау алды. Облыс орталы­ғын­дағы «Достық үйі» алдына жи­налған Алау эстафетасын қызық­тау­ға жи­нал­ғандар үшін облыс әкі­мі Бақыт­жан Сағынтаев сөз алып, бай­рақты бәсекеде спорт­шы­ларға жеңіс тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Яғни, Қысқы Азия ойындарының біздің елімізде өткізіліп отырғаны зор мәртебе, тәуел­сіздіктің 20 жылдығы қар­са­ңындағы шынында да тарихи оқиға екенін, Елбасының тікелей қолдауы бізді әрқашанда осындай жақ­сы табыстарға, жақ­сы­лыққа жет­­кізеді деп бағалады. Өзі де спортты жақсы көретін облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев тұтанған алауды қолына алып, шеруді бастап кетті. Ертіс өзені жағалауымен жү­гірген алаугерлер алауды қаланың 11 көшесімен алып өтті. Жалпы, бұл эстафета алауын алып жүру бағыты 12 ша­қырымды құрады. Облыс бойынша спортшы Виктор Кольев, мара­фон­шы Марат Жылан­баев, конькиші Людмила Прокашева, дәрігер Шат­тық Батырханова, по­лиция капитаны Бауыржан Үм­бетов, ректор Ерлан Арын, мылтық атудан ұлттық құра­маның ойын­шысы Вячеслав Под­лес­ный, баян­ауылдық бүркітші Иман­зайып аға, муай-тай спорты бойын­ша жаттық­тырушы Марат Смағұлов, төреші Елеусіз Дүйсеков және басқалары жиыны 60 шақты адам алауды алып жүру құрметіне ие болды. Спортшы Виктор Кольев: Қысқы Азиада ойын­дары­ның елімізде өтетіні қазақ спор­тының деңгейін көтерері сөз­сіз. Жалпы, Алау - тату­лықтың, бір­лікті нышаны. Сондық­тан ол еліміздегі бірліктің нығайта түседі,- деді. Ал, алдағы спорт жа­рыс­­тарын­да облыс намысын фристайл шебері Сергей Берестовский мен шаңғышы Андрей Головко қор­ғай­ды. Сөйтіп, Алау эстафетасының екінші кезеңі облыс орталығын­дағы «Естай» атын­дағы қалалық мәдениет сарайында мәресіне жетті. Ал, 60 шақырым жолды жүріп өткен 30 алау­гер бұл сыннан сүрін­бей өтті. Жиналған жастар, спорт­шы­лар, жұрт­­шылық қуанышты кө­ңіл күй­мен алауды жолың болсын деп Өс­кеменге шығарып салды. Со­ңы үлкен гала-концертке ұласты. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.

Үмітімізді үкілеп отырмыз

Еліміздің қос қаласы Астана мен Алматыда өткелі отырған VІІ Қысқы Азия ойындары жалауының көтерілуіне де аз күн қалды. Дүбірлі додаға үкілеп қосқан саңлақтарымыз ел үмітін ақтайды деген сенім зор. Осы ретте «Егемен Қазақстан» газеті айтулы байрақты бәсекеге қатысатын ұлттық құрама команданың барлық мүшелері тізімін назарларыңызға ұсынып отыр. Шаңғы жарысы 1.Полторанин Алек­сей, ШҚО. 2. Чеботько Николай, Ақмола облысы. 3. Черепанов Сергей, ШҚО. 4. Виличко Евгений, Ақмола облысы. 5. Кошевой Евгений, Ақмола облысы. 6. Матвиенко Геннадий, ШҚО. 7. Ахмадиев Ердос, ШҚО. 8. Старостин Марк, Астана. 9. Волотко Денис, Ақмола облысы. 10.Головко Андрей, Павлодар облысы. 11. Малахова Светлана, ШҚО. 12. Коломина Елена, ШҚО. 13. Рощина Татьяна, Ақмола облысы. 14. Яцкая Оксана, ШҚО. 15. Матросова Марина, ШҚО. 16. Слонова Анастасия, ШҚО. 17. Сахнова Елена, Ақмола облысы. 18. Семеновых Екатерина, ШҚО. 19. Антонова Елена, БҚО. 20. Шеденко Татьяна, Ақмола облысы. 21.Батяйкин Александр, бас жаттықтырушы. 22. Кучук Алексей, команда бастығы. 23.Тишков Сергей, аға жаттықтырушы (ерлер). 24.Филимонов Владимир, аға жаттық­тырушы (қыздар). 25. Васильев Виктор, жаттықтырушы. 26. Снытин Сергей, жаттықтырушы. 27. Наконечный Алексей, жаттықтыру­шы. 28. Черепанов Павел, жаттықтырушы. Биатлон 1. Червяков Александр, Ақмола облысы. 2. Савицкий Ян, ШҚО. 3. Трифонов Александр, ШҚО. 4. Кенешев Диас, Алматы облысы. 5. Брайченко Николай, Ақмола облысы. 6. Наумик Сергей, ШҚО. 7. Хрусталева Елена, Алматы облысы. 8. Лебедева Анна, Ақмола облысы. 9. Лебедева Марина, Ақмола облысы. 10. Полторанина Ольга, ШҚО. 11. Можевитина Инна, ШҚО. 12. Окольздаева Галина, Ақмола облысы. 13. Ткачук Александр, бас жаттықтырушы. 14. Абуталипов Ерназар, команда бастығы. 15. Дутченко Михаил, аға жаттықтыру­-шы (ерлер). 16. Макаров Геннадий, аға жаттықтыру­-шы (қыздар). 17. Смирнов Виктор, жаттықтырушы. 18. Чурбаков Виктор, жаттықтырушы. 19. Пантов Дмитрий, жаттықтырушы. 20. Хрусталев Владимир, жаттықтырушы. Тау шаңғысы 1. Кошкин Дмитрий, Алматы. 2. Тельминов Алек­сей, Алматы. 3. Черниченко Па-вел, Алматы. 4. Закурдаев Игорь, ШҚО. 5. Пименов Тарас, ШҚО. 6. Черепанова Екатерина, Алматы. 7. Анташкевич Мария, ШҚО. 8. Федотова Людмила, Алматы. 9. Чаадаев Сергей, бас жаттықтырушы. 10. Богуспаев Дәулеткарим, аға жаттық­- тырушы (ерлер). 11. Абъеманов Кентай, аға жаттықтыру­-шы (қыздар). Фристайл (МОГУЛ) 1. Рейхерд Дмитрий, ШҚО. 2. Бармашов Дмитрий, ШҚО. 3. Соколов Андрей, ШҚО. 4. Рыбалова Дарья, ШҚО. 5. Галышева Юлия, ШҚО. 6. Родионова Юлия, ШҚО. 7. Лемешко Виктор, бас жаттық­тыру­шы. 8. Рейхерд Виктор, команда бастығы. 9. Соколов Владимир, аға жаттықтыру­шы. 10. Борисов Владимир, жаттықтырушы. Коньки спорты 1. Бабенко Дми-трий, СҚО. 2. Кузин Денис, Қостанай облысы. 3. Жигин Александр, Қостанай облысы. 4. Белоусов Артем, Астана. 5. Креч Роман, СҚО. 6. Бондарчук Алексей, Қостанай облысы. 7. Глущенко Виктор, Астана. 8. Глущенко Александр, Астана. 9. Баклашкин Максим, Астана. 10. Айдова Екатерина, Қарағанды облысы. 11. Сокирко Татьяна, СҚО. 12. Жигина Ольга, Астана. 13. Луговая Виктория, Қостанай облысы. 14. Гончар Юлия, Қостанай облысы. 15. Шумихина Ирина, Алматы. 16. Урванцева Елена, СҚО. 17. Сафина Евгения, Ақтөбе облысы. 18. Рыбакова Наталья, СҚО. 19. Саютин Вадим, бас жаттықтырушы. 20. Пензин Сергей, жаттықтырушы. 21. Сургутанов Сергей, жаттықтырушы. 22. Пастушенко Петр, жаттықтырушы. 23. Божьев Олег, жаттықтырушы. 24. Сон Александр, жаттықтырушы. Тұғырдан шаңғымен секіру 1. Карпенко Нико-лай, Алматы. 2. Королев Алексей, Алматы. 3. Левкин Евгений, Алматы. 4. Жапаров Радик, ШҚО. 5. Соколенко Константин, Алматы. 6. Биекенов Қайрат, бас жаттықтырушы. 7. Мұхаметғалиев Николай, жаттықты­-ру­шы. Мәнерлеп сырғанау 1. Тен Денис, Алматы. 2. Рақымғалиев Абзал, Алматы облысы. 3. Адонев Виктор, БҚО. 4. Прилепко Кристина, Алматы. 5. Шишкина Марина, Алматы. 6. Кучеренко Виктория, БҚО. 7. Малюк Екатерина, Астана. 8. Руди Владимир, Астана. 9. Узурова Құралай, бас жаттықтырушы. 10. Френк Кэрол, жаттықтырушы-консультант. 11. Морозов Николай, жаттықтырушы-консультант. 12. Артюнян Рафик, жаттықтырушы-консультант. 13. Антонио Карлос Де Борба, хорео-гроф-консультант. 14. Алексеева Светлана, жаттықтырушы-консультант. Фристайл (Акробатика) 1. Аблятифов Руслан, ОҚО. 2. Хохлов Юрий, ОҚО. 3. Берестовсикий Сергей, Павлодар облысы. 4. Дәлмұхан Гүлмира, ОҚО. 5. Арапбаева Жібек, ОҚО. 6. Қалмұрзаева Ақмаржан, ОҚО. 7. Аблятифов Мұрат, бас жаттықтырушы. 8. Намереков Геннадий, аға жаттықтырушы. Шаңғымен бағдарлау 1. Бабенко Александр, ШҚО. 2. Немцев Алексей, ШҚО. 3. Лиличенко Ви-талий, ШҚО. 4. Сорокин Михаил, Астана. 5. Власов Денис, Алматы. 6. Тоқбаев Аслан, СҚО. 7. Кузмина Евгения, ШҚО. 8. Михайлова Татьяна, ШҚО. 9. Новикова Ольга, Астана. 10. Молдашева Эльмира, Астана. 11. Власова Мария, Алматы. 12. Имашева Меруерт, ШҚО. 13. Исаченко Александр, бас жаттықтырушы. 14. Архипов Владимир, команда  бастығы. 15. Новиков Александр, жаттықтырушы- консультант. 16. Ефимов Сергей, аға жаттықтырушы. Шорт-трек 1. Бекжанов Айдар, БҚО. 2. Сұлтанғалиев Артур, БҚО. 3. Жұмағазиев Нұрберген, БҚО. 4. Ажғалиев Абзал, БҚО. 5. Андреев Федор, Қостанай облысы. 6. Симонова Инна, БҚО. 7. Мотова Ксения, БҚО. 8. Волокитина Дарья, Қостанай облысы. 9. Кузнецова Анастасия, Қостанай облысы. 10. Самарина Анна, Қостанай облысы. 11. Қарсыбеков Мәдіғали, бас жаттықтырушы. 12. Саитов Даниль, команда бастығы. 13. Мұхамбетқалиев Жаслан, жаттықтырушы. 14. Федоренко Николай, жаттықтырушы. Допты хоккей 1. Хайрекешев Ілияс, БҚО. 2. Такиров Нари-ман, БҚО. 3. Қазыбаев Арыстан, БҚО. 4. Нұғыманов Ескендір, БҚО. 5. Әліпқалиев Еламан, БҚО. 6. Оразғалиев Нұрлан, БҚО. 7. Аманшин Самат, БҚО. 8. Грибанов Петр, БҚО. 9. Никитин Дмитрий, БҚО. 10. Суетнов Виталий, БҚО. 11. Темірғалиев Асқар, БҚО. 12. Шавалдин Николай, БҚО. 13. Новожилов Владислав, БҚО. 14. Исалиев Рауан, БҚО. 15. Ларионов Антон, БҚО. 16. Пономаренко Дмитрий, БҚО. 17. Кармак Дмитрий, БҚО. 18. Токмаков Сергей, БҚО. 19. Никишов Алексей, бас жаттықтырушы. 20. Ионкин Александр, аға жаттықтырушы. 21. Мангубаев Марат, команда бастығы. Шайбалы хоккей (әйелдер) 1. Раушанова Ай-жан, Алматы. 2. Обыденнова Дарья, Алматы. 3. Косенко Анна, Алматы. 4. Трунова Наталья, Алматы. 5. Сазонова Виктория, Алматы. 6. Шу Галина, Алматы. 7. Конышева Ольга, Алматы. 8. Штельмайстер Елена, Алматы. 9. Мусатаева Виктория, Алматы. 10. Супрун Альбина, Алматы. 11. Орлова Анастасия, Алматы. 12. Яковчук Наталья, Алматы. 13. Свиридова Лариса, Алматы. 14. Фукус Алена, Алматы. 15. Ибрагимова Любовь, Алматы. 16. Тухтиева Зарина, Алматы. 17. Потапова Ольга, Алматы. 18. Крюкова Ольга, Алматы. 19. Ашихина Александра, Алматы. 20. Топкаева Мария, ШҚО. 21. Нұрғалиева Ғалия, Алматы. 22. Королева Татьяна, Алматы. 23. Мальцев Александр, бас жаттықтырушы. 24. Соловьев Сергей, аға жаттықтырушы. 25. Скобелькина Наталья, жаттықтырушы. 26. Петреченко Сергей, жаттықтырушы. Шайбалы хоккей (ерлер) 1. Еремеев Виталий, ШҚО. 2. Колесник Виталий, ШҚО. 3. Кузнецов Алексей, ШҚО. 4. Савченко Роман, ШҚО. 5. Васильченко Алексей, ШҚО. 6. Фадеев Евгений, ШҚО. 7. Новопашин Виталий, ШҚО. 8. Литвиненко Алексей, ШҚО. 9. Семенов Максим, ШҚО. 10. Коледаев Алексей, ШҚО. 11. Блохин Евгений, Қарағанды облысы. 12. Бумагин Евгений, Астана. 13. Гаврилин Андрей, Қарағанды облысы. 14. Краснослабоцев Вадим, Қарағанды облысы. 15. Рымарев Евгений, ШҚО. 16. Старченко Роман, ШҚО. 17. Воронцов Алексей, ШҚО. 18. Жайлауов Талғат, ШҚО. 19. Полющюк Федор, Астана. 20. Худяков Максим, ШҚО. 21. Биляев Максим, ШҚО. 22. Уппер Дмитрий, ШҚО. 23. Дударев Дмитрий, Астана. 24. Хумутов Андрей, бас жаттықтырушы. 25. Шаянов Андрей, аға жаттықтырушы. 26. Стариков Сергей, жаттықтырушы. 27. Ахцигер Александр,жаттықтырушы. 28. Оразбаев Нұрлан, бас менеджер.