Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» тақырыбы бойынша халықаралық конференцияға дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Конференция әлемдік қоғамдастық өкілдерінің, парламентшілер және сарапшылардың қатысуымен биыл 29 тамызда Астанада өтті.
Кеңесті аша келіп, Қ.Тоқаев: «Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қомақты үлес қосқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың мойындалған көшбасшысы болып табылады», – деді. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде ядролық қарудан толық арылу идеясы жатыр.
«Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының атаулы күні Қазақстан ғана емес, күллі әлемдік қоғамдастыққа жер жүзінде орнықты бейбітшілікті қалыптастырудың бірінші кезектегі маңыздылығы туралы ойлануға игі себеп болуы тиіс», – деді әрі қарай Сенат басшысы. Осыған байланысты Парламенттің жоғарғы палатасының Төрағасы жиналғандарға конференцияны өткізудің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелерін мұқият әзірлеуді тапсырды.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев өз сөзінде Ұйымдастыру комитетінің мүшелерін конференция алдында тұрған міндеттермен таныстырды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко форумға әзірліктің мазмұндық және ұйымдастыру мәселелері, серіктестермен, оның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы ақпаратпен таныстырды.
• 30 Сәуір, 2016
Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы – жаһандық маңызы бар дата

Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді
Ата заң • Бүгін, 21:28
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:50
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Алматыда Конституцияға енгізілетін түзетулерге қолдау білдірілді
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Қазақстан қоғамдық даму институты жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді
Ата заң • Бүгін, 16:58