25 Қаңтар, 2011

Басты мақсат – ел мүддесіне қызмет ету

723 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламентіне – 15 жыл

Тамырын тереңнен тартқан, ғасырлар бойы дала де­мократиясы мен еркіндік сезімінің құндылық белгілерін сақ­тап келген, бастауын «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті Жарғы» сияқты көне заңдардан алатын Қазақ елінің заң шығарушылық қыз­метінің қалыптасу жолы жеңіл болды деп ешкім айта алмайды. 1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Ке­ңесінің ерекше рөл атқарғаны бар­шаға белгілі. Нақ осы жылы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Консти­ту­циясына (Негізгі За­ңына) өз­ге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заңы қабыл­да­нып, Қазақ КСР Прези­ден­тінің қызметі тағайын­далды. Елі­міздің Тұңғыш Пре­­зиденті болып Нұрсұлтан Әбіш­­­ұлы Назарбаев сай­ланды. 1990 жыл­­ғы 25 қазанда Қазақ ке­ңес­тік социалистік республи­ка­сының Жо­ғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі ту­ралы» дек­ла­ра­ция­ны қабылдап, тұң­ғыш рет еліміздің халық­ара­лық құқық субъек­­тісі ретіндегі мәртебесін ай­қын­дап бер­ді, аза­мат­тық институт, сон­дай-ақ меншік нысан­да­ры­ның тең құқы­лығын енгізіп, аумақтың бөлін­бей­тін­ді­гін және оған қол сұ­ғыл­май­тындығын жария етті. КСРО күйрегеннен кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тә­уел­­сіздігін жария еткен де, Қа­зақ­станның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдаған да осы он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес болды. Со­ның негізінде республикада ұлт­тық қауіпсіздікті, аза­мат­тық құқықтар мен бос­тан­дық­тарды, демократиялық қо­­­ғам мен құқықтық мемлекет құруды қам­та­масыз ету­дің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды. Алайда, осы реформалар рес­публикалық билік орган­да­рының, бі­рінші кезекте, өкілді орган­дар­дың оралым­сыздығын ашып берді, өйт­кені олар жедел өзгеріп жат­қан өмірге ілесе алмады жә­не осыған орай баламалы ше­шімдер қа­был­дау­ға дәр­мен­сіз болып шықты. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес­тің тұрақты негізде істеген жекелеген құрылым­да­рының жұмыс нәти­же­лері де кәсіби Парламент құру­дың қажеттігін дәлелдей түсті. Сөйтіп, он екінші сайланған Жо­ғар­ғы Ке­ңес өзін-өзі тара­тып тынды. Осыдан кейін сайланып, 1994-1995 жылдары депутат­тары тұ­рақ­ты негізде жұмыс істеген Қазақ­станның тұң­ғыш кәсіби Парламенті деп са­налатын он үшінші сай­лан­ған Жо­ғар­ғы Кеңес қазақ­стандық пар­ламен­таризмнің да­му жолындағы маңызды бір кезеңі болды десек, қа­телеспейміз. Бұл Жоғарғы Ке­ңес өз қызметіне мемлекеттік құры­лыс­тың ең бір күр­де­лі кезеңінде кіріскен еді. Содан да ол Қазақстанда пар­ламентаризм­нің одан әрі дамуы­на алғышарттар негізін сал­ғанмен, көп қиын­дық­тарға кезікті. Жоғарғы Ке­ңестің сол кездегі Төр­ағасы Әбіш Ке­кілбаевтың: «Кәсі­би Парламент бізде ешқашан бол­ған емес және біз сынап көрулер және қа­теліктер әді­сімен жұмыс істеуге мәж­бүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкі­лет­тік­те­рінің ай­қын­далуы бір­­­тіндеп жүріп жа­тыр», деген сөздері де осыны аң­ғар­тады. Сірә, аталмыш Жо­ғар­ғы Кеңестің бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заң­сыз деп та­ныл­ға­нының, мерзімінен бұрын тара­тыл­ғанының астарын осы­дан іздеу жөн сияқты. Қазақстанды президенттік республика деп жария­лаған 1995 жыл­ғы Конституция, сондай-ақ «Қазақ­стан Рес­публикасының Парламенті және оның депутаттарының мәр­тебесі туралы» Конституциялық заң­­­дар қа­былдап, Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асы­ратын рес­публиканың жоғары өкіл­ді органы болып табылатынын бекітіп берді. Сөйтіп, біздің елімізде тұ­рақты не­гiзде жұмыс iстейтiн, екi палатадан: Сенаттан және Мәжi­лiс­тен тұратын Парламент өмірге келді. Бұдан біз қазақстандық пар­ла­ментаризмнің қалыптасу жолы күр­­де­лі болғанын, парламентаризм та­лабына, табиғатына сай келмейтін қоғамдық сана мен саяси прак­тикадағы үстірт көзқарастар мен пікірлерді еңсерудің оңайға түспе­генін, Қазақстан Парламенті қо­ғам­дағы реформаларды табысты жүзе­ге асыруға қабілетті саяси-демо­кра­тиялық институтқа тек тә­уел­сіздік жылдары ғана айнал­ғанын аңға­ра­мыз. Он бес жыл тарих үшін көп уақыт емес, қас қағым сәт. Осы уақыттың ішінде небір күрделі ке­зеңдер мен сын­дарлы сәттерді бастан өткерген Қа­зақстан Парламенті іс үстінде қалып­тасып, кемелденді, сындар­лы тәжірибе жинақтады, Тұң­ғыш Президентіміз Н.­Ә.На­зар­баевтың ті­лімен айтсақ, еліміздің кел­бетін өзгерткен заңдар қабыл­дай­тын дең­гейге көтерілді. Алғашында Мәжiлiс 67 депутаттан сайланса, кейін 1998 жылғы конс­титуциялық өзгерістерге орай 77 болды, ал 2007 жылғы мамырда жаңартылған Конституцияға сәйкес 107 парламентшіден тұратын бол­ды. Олардың 98-і саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жал­пыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын да­уыс беру арқылы сайланды. Ал 9 депутат Қазақстан халқы Ассам­блея­сының өкілдері болып та­бы­лады. Бірнеше партия додаға түскен соңғы сайлау «Нұр Отан» халық­тық-демократиялық партиясының ай­қын жеңісімен аяқталды. Басқа партиялардың бірде-біреуі 7 па­йыз­­дық кедергіні еңсере ал­мады. Нә­тижесінде нұротандықтар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орын­ды иеленді. Содан ба екен, кей­бір бұқаралық ақпарат құ­рал­дары сол кезде Мәжілістің са­палық құрамына күмән келтіргендей сы­ңай танытып, жаңадан сай­ланған де­путаттарды орынды-орын­сыз іл­іп-шалып жатты. Бірақ уақыт бә­рін өз орнына қойды. Жаңадан сай­лан­ған Мәжіліс саяси жүйенің құ­рамдас бөлігі ретінде өзі де жа­ңа­руға түсіп, бүкіл қыз­метін, әсіресе, негізгі функциясы – заң шығару ісін қоғамдық қа­ты­настардың қазіргі заманғы күрделі, өскелең талап­та­рымен үйлестіре білді. Мәжілістің соңғы сайлауында 39 депутат өз мандаттарын сақтап қал­­са, 43 адам мемлекеттік бас­қару ор­гандарынан, 8 адам бизнес құры­лым­дарынан, 8 депутат білім, ғы­лым және мәдениет саласынан келді. Ал мамандықтарына келсек, ша­руашылықтың барлық салалары қам­тылған деуге болады: депу­тат­тардың арасында инженерлер де, заңгерлер де, экономистер де, дәрі­гер­лер, мәдениет және өнер қай­рат­керлері де бар. 11 Мәжіліс де­пу­­та­ты ғылым докторы болса, 10 халық қалаулысы ғылым кан­ди­даты. Жаңару мен дамудың жаңа стра­­тегиясын жүзеге асырып жат­қан еліміздің басқару жүйесінің ал­дын­да тұрған қазіргі кезеңдегі басты мәселе – қоғамды кешенді түрде жа­ңарту-жаңғырту десек, бұл мін­дет­тердің ойдағыдай шешілуін Парламенттің сан салалы қызме­тін­сіз көзге елестету мүмкін емес. Өмір еліміздің дамуы Пар­ламенттің заң шығару қызметіне байланысты еке­ніне, еліміздің де­мократиялық-саяси жаңару үдерісі аясындағы сан қырлы күрделі проблемаларды заңнамалық тұр­ғы­­дан реттеуде Парламенттің заң шығарушылық рөлі мен салмағы арта беретініне көз жеткізіп отыр. Өз бойына әлемдік және отан­дық тәжірибенің жақсы үлгілерін жинақтап, оларды қазіргі саясат­та­ғы, экономикадағы және әлеу­мет­тік салалардағы жағдайларға бейімдеп отырған Парламенттің же­місті қыз­меті туралы мы­салдарды алыстан із­деудің қажеті жоқ. 2010 жылғы 1 қыркүйекте Парламентте Мәжіліс пен Се­нат­тың бірлескен оты­ры­сын­да сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев екі сессия ара­лығында атқарылған істерге тоқ­тала келіп: «Міне, бұл мә­се­ле­лер­де Парламент кәсіби шеберлігін танытып, үлкен іске зор үлесін қосты. Бұл орайда, Пар­ламент жо­ғары заң шығарушы орган ретінде еліміздің өсіп-өр­кен­деуі жолында пәрменді жұмыс жасауда. Мыз­ғымас мем­лекет­ті­гі­міз­дің бас бағ­дарына ай­налған Ата Заң ая­сында көптеген заңдар қабыл­да­нуда. Осы сайла­нымның депу­тат­тары үш сес­сия­ның ішінде 340-тан аса заң қабылдағаны мұның жар­қын айға­ғы болып табылады. Бұл заң­дардың басым көпшілігі қоғам­ның саяси және әлеуметтік-эко­но­ми­калық деңгейін көтеруге арнал­ған», деп депутаттарға ризашы­лы­ғын білдірді. Үшінші сессияның қорытын­ды­лары заң шығарушылық жұ­мыс­тың сапасы арта түскенін көр­сетті. Бар­лығы 148 заң қабыл­данды. Елі­міз­дің құқықтық базасы құқық қорғау органдарын рефор­малауға, қыл­мыс­пен және сы­байлас жем­қор­лық­пен күресті кү­шейтуге бағытталған заңдармен нығайтыл­ды. Осы кезең­де Парламент Қазақстан қол қойған 35-тен астам халықаралық құжатты ра­тифи­кациялады. Өткен жылдың ерекше бір жаңалығы – Қазақстан Беларусь және Ресей мемлекеттерімен бірге Кеден одағына мүше бо­лып кірді. Осы маңызды оқиғаға бай­ланысты Парламент қысқа мер­зім ішінде 35-тен астам келісімді заңдық тұрғыдан бекітіп, Кеден одағы аясында Біртұтас эконо­ми­калық кеңістік құру үшін құқықтық база жасады. Сын сағатта осылай «бір жа­ғадан бас, бір жеңнен қол шығара» қи­мылдаудың, Қазақстанның ин­дус­­трия­лық-инновациялық да­муы­ның 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қолға алудың, кәсіпкерлік секторды са­уық­тыру және бизнес бас­та­ма­ла­рын қолдау, агроөнеркәсіп са­ласын қаржымен қамтамасыз ету шара­ла­рын жүзеге асырудың нә­ти­жесінде ел экономикасы қарқын­ды дамып, дағдарыстан кейінгі кезеңге батыл қадам жасадық, халықтың әл-ау­қаты жақсарды. Міне, осылардың бәрі жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанды одан әрі кешенді дамыту жөніндегі аса күр­делі міндеттердің нәтижесі мен сапасы, сайып келгенде, мемлекеттік басқару институттары, олардың ішін­де Парламенттің қызметіне тікелей байланысты екендігінің, елі­міз­дің жоғары заң шығарушы ор­ганының уақыт алға тарқан қиын­шы­лық­тардың бәрін халқымен бірге бөлісіп келе жатқандығының ай­ға­ғы. Парламент Мәжілісінің де­пу­тат­тары негізгі ішкі жұмыстарымен қатар, халықаралық және парла­мен­таралық қызметті де белсенді жүр­гізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс­тар, әсіресе, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етуі кезеңінде ерекше сипатқа ие болғанын айту ләзім. Депутаттар әр сәрсенбі сайын Мәжілістің жалпы отырысының ба­сында өздерінің сауалдарын жария етеді. Үстіміздегі сессияның алғаш­қы үш айында ғана олар түрлі мемлекеттік құрылымдар­дың басшы­ларына 237 сауалдар мен үндеулер жолдады. Көтеріл­ген мәселелердің басым бөлігі Мемлекет басшы­сы­ның төртінші сай­ланған Қазақстан Республи­касы Парламентінің ІV сессия­сының ашы­луында депутат­тардың алдына қойған және жыл сайынғы халыққа Жолдауынан туын­дайтын міндеттерді шешуге бағытталған. Парламенттің регламентіне сәй­­­­кес депутаттар тоқсан сайын ай­мақтарға шығып, сайлаушы­лар­мен кездесіп тұрады. Ондағы бас­ты мақсат – халықты жоғары өкі­летті орган, үкімет тындырып жат­қан істерден хабардар ету. Осы кез­де­су­лердің барысында халық­тың талап-тілектеріне де айрықша көңіл бө­леміз. Сондай-ақ олар көтерген мәселелерді тиісті орын­дарға жеткізуді басты міндетіміз деп білеміз. Уақыт Елбасымыз ұстанған бағыттың дұрыс екенін дәлелдеп берді. Қазақстан санаулы жылдар­дың ішінде дүние жүзіне танымал әлеуетті елге айналды. Біз Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығы және Азия елдері арасында бірінші бо­лып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жетекшілік еттік. Осы беделді Ұйым­ның Астанада өткен Саммиті де еліміз­дің абырой-даңқын асқақ­тата түс­кені даусыз. Дегенмен, қол жеткенге тоқ­мейіл­­суге болмайды. Президентіміз атап көрсеткендей, «Қазақстан Тәуел­сіздіктің үшінші онжыл­ды­ғы­на лайықты қадам басуы үшін бізге әлі көп нәрсе істеуге тура келеді». Миллиондаған азаматтар өзі­нің азаматтық белсенділігін танытып, жаңа индустриялық Қа­зақстанды тұрғызуға қатысу үшін ұмтылуы, іспен айналысып, елдің дамуында өз орнын табуы керек. Еліміз үшін мәртебелі, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік жүк­тейтін осындай айрықша ауқымды істерден заң­на­малық қызметі ар­қылы ұдайы ха­лықтың мүддесін біл­діріп, қорғап келе жатқан Пар­ламенттің де шет қалмайтынына сенім зор. Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.