ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. Белгілі жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері, ана тіліміздің жанашыры Герольд Бельгердің құрметіне Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжде мұражай бой көтерді. Оның ашылу салтанатына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов үш бірдей әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Герольд Бельгер жайлы жүрекжарды лебізін білдірді. Ол өз сөзінде Герольд Карлұлымен Ысқақ Ыбыраев ауылындағы қазақ мектебінде бірге оқығанын, көп тәлім-тәрбие алғанын, жоғарғы кеңес депутаты болып жүргенде ынтымақтаса қызмет атқарғанын, музейдің ашылуы биыл кеңінен атап өтілетін облыстың 80 жылдығы қарсаңындағы айшықты мәдени оқиға екенін атап өтті. Абай жырларын Гете тілінде жырлату арқылы ұлтымызды өзгелерге танытуда да өлшеусіз еңбек сіңірді.
Колледж директоры Александр Мерктің бастамашылдығымен құрылған мұражайға жүзге жуық құнды экспонаттар қойылған. Олардың арасында жазушының жеке тұтынған заттары, жары мен қызы табыстаған жәдігерлер ерекше ыстық. Тоғыз тақырыптық бөлімнен тұратын мұражайда шығармашылығы мен өмірі жайлы алуан сыр шертетін ақпараттар да топтастырылған.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 03 Мамыр, 2016
Петропавлда жазушы Герольд Бельгерге мұражай ашылды

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10