Оны көтергендерге қомақты жүлде бар
Бала кезімізде Шығыс өңірінің Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы маңындағы «Қайырбай бұлақ» атты қыстаудың төменгі жағындағы жотаның басында «Жабағы балуан көтерген» дейтін ұзыншақ келген тас жататын. Ержеткенде білгенім, бұл тасты 1860 жылдың басында Дәулетбай батырдың ұрпағы Танысқожа Естайұлы Жабағы балуан жылқышылармен бәстесіп, Маңырақ тауының теріскей тарапында орналасқан сайдан арқасына салып, шамамен 2,5 шақырым төменде жатқан Қайырбай би зиратының жанындағы жотаның етегіне алып келген. Оны 1885 жылдар шамасында Дәулетбай батырдың Қыстаубайынан тараған ұрпағы, Қаражан Түктіұлы Уаңбай құшақтай көтеріп, сол жотаның басына шығарып тастайды. 1960 жылдары тарихын әкесі Қайсадан естіген Бақдәулет досы Сақтаған екеуі тасты бір аунатып кетеді.
Тарихына анам Бақзейнелден қаныққан мен де 1993 жылдың жазында тастың бір бұрышынан көтеріп, қарсы жағына айналдырдым. Бірер ай өткен соң Қараша Бақытхан Сақарбекұлының шөп көтергіш тракторымен тіркемеге тиеп, әкем Тоқтарбектің үйіне алып келдім. Тасты Оразхан Оразғалиұлының мұрындық болуымен 2015 жылы мамырда ашылған Дәулетбай батыр ескерткішінің жанына тарихын хаттатып, жәдігер ретінде қойдым.
Енді бұл таспен сайыс ұйымдастыруға ойтүрткі болған жағдайды айтайын. Дәулетбай батырдың ескерткішінің орнатылуына орай жасалған салтанатты астан кейін Арман Дөртуыл және Бектас Төлебай деген азаматтар 40 мың теңге жүлде тігіп, тас аудару жарысын ұйымдастырды. Оншақты талапкер күштерін сынап көріп, Сайболат ұрпағы Ермек деген азамат тасты бір аунатып, жүлдеге ие болды. Қазіргі кезде Дәулетбай батырдың ұрпағы Оралбек Дүкенбаев пен Болат Мықиянов «Жүлде қорына 1 миллион теңгеден астам қаржы тігіп, жарысты республика және облыс көлемінде өткіземіз» деп ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сондықтан, күші тасыған азаматтар биыл 7 мамырда өтетін тас көтеру сайысына келе алады. Жарыс Ақжар ауылындағы Дәулетбай батыр ескерткішінің жанында өтеді. Тастың салмағы – 460 кило. Жарыс шартында тасты құшақтап көтеру, тік тұрғызу, болмағанда аунату қарастырылған.
Төлепберген ТОҚТАРБЕКҰЛЫ,
«Ер Дәулетбай» атындағы
қордың мүшесі
Шығыс Қазақстан облысы,

Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:58
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Ата заң • Бүгін, 17:48
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:32
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Құқық • Бүгін, 17:25
Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын
Ата заң • Бүгін, 17:20
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:16
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:13
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Экология • Бүгін, 17:01
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Қазақстанда жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады
Медицина • Бүгін, 16:58
Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:52
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:44
Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?
Аймақтар • Бүгін, 16:36
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Қоғам • Бүгін, 16:32