Астана қаласында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне қарасты Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы «Қазақстандағы дінтану ғылымы мен білімінің даму үрдісі және өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Сала мамандарының айтуынша, мұндай жиынды ұйымдастыру Қазақстандағы дінтанулық білім беру жүйесін бірізділендіру, мазмұндық тұрғыдан байыту, осы саладағы тәжірибелік курстардың саны мен сапасын арттыру талабынан туындап отыр екен.
Отырыста сөз алған Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қазіргі діни ахуал қоғамның санасындағы радикалды және теріс пиғылды ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруға, зайырлы мемлекет құндылықтарына құрмет сезімін сіңіруге, әртүрлі конфессия өкілдеріне толерантты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, дінтанулық білімнің сапасын жетілдіруге итермелеп отырғанын жеткізді.
«Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің ел аумағына еркін кіріп, шығуы, ақпараттық технологиялардың, байланыс құралдарының, интернеттің кеңінен таралуы, республикада түрлі діни ағым идеяларының таралуына да себеп болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте, жастарымыздың бойында радикалды және деструктивті идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына құрмет көрсету, әлемдік және дәстүрлі діндердің негіздері туралы объективті ақпарат алу, түрлі конфессияны ұстанушыларға деген толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу үшін білім беру жүйесінің түрлі деңгейлерінде дінтанулық және діни білім беруді енгізу аса маңызды. Себебі, дінтану – қазіргі адамзат қоғамының кешендік білімі мен ғылымының маңызды саласы», – деді Ғ. Шойкин өз сөзінде.
Ал Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы өткен жылы өзі жетекшілік ететін орталық пен елдегі барлық дінтану кафедраларының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанына тоқталды. «Бұл меморандум аясында өзара байланысымыз жанданды. Ақпараттар алмастық, мәліметтер жинақтадық. Біздің сайтымызда дінтану кафедраларының жұмыстары кеңінен насихаттала бастады. Осындай зерттеу жұмыстарының нәтижесінде арнайы кітапша шығардық», – деді Айнұр Әбдірәсілқызы.
Оның айтуынша, ең бірінші кезекте мамандар дінтану кафедралары оқытушыларының сапалық құрамына талдау жасаған екен. «Соңғы жылдары дінтану магистр-
лерінің даярланып, өндіріске араласа бастауы, біздің кафедралардың жұмыстарына едәуір серпін берді. Бұған қоса, қазір дінтану кафедраларында 10 кәсіби пән оқытылады. Яғни, кәсіби және базалық пәндер барлық пәндердің 30 пайызын құрап отыр», – деді орталық директоры.
Бұл күнгі жиында сала мамандары отандық дінтану ғылымының өзекті мәселелері жөніндегі ой-пайымдарымен бөлісіп, дінтану білімі мен ғылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05