04 Мамыр, 2016

Дінтану ғылымы мен білімі – маңызды сала

1121 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
image15004Астана қаласында еліміздің Мәдениет және спорт министр­лігінің Дін істері комитетіне қарасты Дін мәселелері жөнін­дегі ғы­лыми-зерттеу және талдау орталығы «Қазақстандағы дінтану ғы­­лы­мы мен білімінің даму үрдісі және өзекті мәселелері» тақы­ры­­бында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Сала мамандарының айтуынша, мұндай жиынды ұйымдастыру Қазақстандағы дінтанулық білім беру жүйесін бірізділендіру, мазмұндық тұрғыдан байыту, осы саладағы тәжірибелік курстардың саны мен сапасын арттыру талабынан туындап отыр екен. Отырыста сөз алған Дін істері комитетінің төрағасы Ға­лым Шойкин қазіргі діни ахуал қо­ғамның санасындағы радикал­ды және теріс пиғылды ағым­дарға қарсы иммунитетті қалып­тас­тыруға, зайырлы мемлекет құн­ды­лықтарына құрмет сезімін сіңі­руге, әртүрлі конфессия өкілдеріне толерантты қарым-қатынас мәде­ниетін қалыптастыруға, дінта­ну­лық білімнің сапасын жетілдіруге итермелеп отырғанын жеткізді. «Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің ел аумағына еркін кіріп, шығуы, ақпараттық тех­но­логиялардың, байланыс құрал­дарының, интернеттің кеңінен таралуы, республикада түрлі діни ағым идеяларының таралуына да себеп болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте, жастарымыздың бойында радикалды және деструктивті идеяларға қарсы иммунитетті қалып­тастыру, мемлекеттің зай­ыр­лылық қағидаттарына құрмет көр­сету, әлемдік және дәстүрлі діндер­дің негіздері туралы объек­тивті ақпарат алу, түрлі конфес­сияны ұстанушыларға деген толе­рант­ты қарым-қатынасты тәрбие­леу үшін білім беру жүйесінің түрлі деңгейлерінде дінтанулық жә­не діни білім беруді енгізу аса маңызды. Себебі, дінтану – қазіргі адам­зат қоғамының кешендік білі­мі мен ғылымының маңызды саласы», – деді Ғ. Шойкин өз сөзінде. Ал Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Ай­нұр Әбдірәсілқызы өткен жылы өзі жетекшілік ететін орталық пен елдегі барлық дінтану кафед­ра­ларының арасында ынтымақ­тастық туралы меморандумға қол қойылғанына тоқталды. «Бұл меморандум аясында өзара бай­ла­нысымыз жанданды. Ақпарат­тар алмастық, мәліметтер жи­нақ­тадық. Біздің сайтымызда дінтану ка­фед­раларының жұмыстары кеңінен насихаттала бастады. Осын­­дай зерттеу жұмыстарының нә­­ти­жесінде арнайы кітапша шы­ғар­дық», – деді Айнұр Әбдірәсіл­қызы. Оның айтуынша, ең бірінші кезекте мамандар дінтану кафед­ра­лары оқытушыларының сапа­лық құрамына талдау жасаған екен. «Соң­ғы жылдары дінтану магис­тр­­- лерінің даярланып, өндіріс­ке араласа бастауы, біздің кафедра­лардың жұмыстарына едәуір серпін берді. Бұған қоса, қазір дінтану кафедраларында 10 кәсіби пән оқытылады. Яғни, кәсіби және базалық пәндер барлық пәндердің 30 пайызын құрап отыр», – деді орталық директоры. Бұл күнгі жиында сала мамандары отандық дінтану ғылымының өзекті мәселелері жөніндегі ой-пайымдарымен бөлісіп, дінтану білімі мен ғылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»