05 Мамыр, 2016

Ерлік айтып жасалмайды

677 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес

нурасыл мубараковНұрасыл Мүбәраков Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылында 1994 жылы дүниеге келді. Осы ауылдағы А.Романов атындағы №53 орта мектепті жақсы деген бағалармен тәмамдады. 2013 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматыдағы 7552 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді. Көп сарбаздың бірі еді. Өмір мен өлім арпалысқан сол күнгі оқиға оның тағдырына үлкен бетбұрыс жасады. 2013 жылдың 5 жел­­тоқ­саны жас сарбаз Нұра­сыл Мү­­бә­раковтің есінде мәң­­­­гіге қал­­ды. Ал­ма­ты­дан­ Се­мейге ба­ғыт алған пойыз­дың құ­рамындағы сот­тал­ған­дар тиелген арнайы вагонда төтенше оқи­ға болды. Дәретқанаға баруды сыл­тау қылған сот­та­лу­шының бірі вагон дәлізінің тар­лығын пайдаланып, сарбаз Мүбәраковке тұт­қи­ыл­дан шабуыл жасап, оның тапаншасын тартып алып, өзіне оқ жұмсады. Қатерлі сәтте қарауыл бас­шысының көмекшісі, сержант Жандос Баянбаев кө­мекке келіп үлгерді. Бірақ кәнігі қылмыскер оған да тапаншадан оқ атты. Жараланғандарына қа­ра­мастан, қос сарбаз қыл­мыскермен алысып, оның қашып кетуіне бөгет жасады. Соның арасында қосымша көмек келіп үлгерді. Қос жауынгердің ерлік­тері ескерусіз қалған жоқ. Кіші сержант Жандос Баян­баев Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені­мен, күзетші-ефрейтор Нұра­сыл Мүбәраков «Жауын­герлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Ұзақ мерзімді емдеу-сауықтыру курсынан кейін Нұрасыл Мүбәраков жау­ынгерлік сапқа қайта тұрды. Әскери қызметіне қай­та келіп, борышын абы­рой­мен өтеді. Арманы әскери қызмет болған ол өзінің құ­жаттарын Петропавл қала­сындағы Ұлттық ұлан әскери институтына тапсырды. Н.Мүбәраков бү­гінгі күні осы институттың екінші курсында оқиды. Шарафаддин ӘМІРОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ