АТЫРАУ. 5 мамыр. Атырауда бір азамат 2 млрд 700 млн теңгесін жария етіп, заңдастырып алды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Соңғы айларда Атырауда мүлікті жария етуге ынта танытушылар көбейе бастағаны байқалады. Мәселен, 1 мамырға дейін өңір тұрғындарынан 1313 өтініш түсіпті. Осыған сәйкес 10,3 млрд теңгені құрайтын мүлік пен 7,9 млрд теңгенің ақшасы жария етіліпті. Өңір тұрғындары сонымен бірге, Қазақстан аумағынан тысқары, яғни, шет елдердегі мүліктерін де жария етуге ұйғарым жасапты. Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған нақты дерекке сүйенсек, осыған орай тұрғындардан 18 өтініш түсіп, 207,4 млн теңгеге бағаланған шетелдегі мүлік жарияланды. Бір таңданарлығы, өткен аптада бір азамат өзінің 2 миллиард 700 миллион теңгесін жария етуге өтініш беріп, қомақты қаржысын заңдастырып алды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: tengrinews.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2016
Атырауда бір азамат 2 млрд. 700 млн. теңгесін жария етті
Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше