05 Мамыр, 2016

Атырауда жаңа консорциум құрылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-05-16-ariptestikАТЫРАУ. 5 мамыр. Атырауда Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының ұйымдастыруымен «Казнефтегазсервис – 2016». Жаңа мүмкіндіктер: Мұнайгаз құрылысы және инжиниринг» атты 5-ші мерейтойлық конференциясында жаңа консорциум құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Консорциум RenaissanceHeavyIndustries және «Фирма АТК» серіктестігінің арасында бекітілді. RenaissanceHeavyIndustries – ірі халықаралық құрылыс компанияларының бірі. Мұнай газ өндіру, өңдеу, мұнайхимия, энергетика, металлургия саласында ондаған сәтті жобаларды жүзеге асырған. Ал, «Фирма АТК» серіктестігі 20 жылдық тарихы бар қазақстандық құрылыс компаниясы. Компания мұнай және газ кен орындарының құрылысын жүргізіп, көгілдір отынды тазалау нысандарын салу, азаматтық нысандар құрылысын жүргізген. «Консорциум құрудағы басты мақсат –тиімді серіктестік арқылы қазақстандық үлесті барынша арттыруға күш салу, жоғары деңгейлі халықаралық құрылыс қызметін көрсету арқылы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Теңіз» кенішінде іске асырылатын келешек кеңейту жобасына қатысу. Сонымен бірге, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының маңызды міндеттерінің біріне қазақстандық компанияларды барынша мұнай газ жобаларына тарту да жатады» – деп хабарлады Қаззақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының баспасөз қызметі. Отандық мұнай сервистік компанияларды дамудың жаңа дейгейіне қадам басуына серпін беретін жаңа консорциум құру туралы келісімге «Фирма АТК» компаниясының бас директоры Жәнібек Нұғманов пен RenaissanceHeavyIndustries компаниясының вице-президенті Ахмет Абдуллаев қол қойды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: Қаззақстанның мұнай сервистік компаниялары Одағының баспасөз қызметі.