АСТАНА. 5 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесіне қатысты комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ, бірақ түсіндіру керек, оны алып тастағаннан кейін ауыл шаруашылығына қандай мүшкілдік болатынын. Оны диһандар ғана біледі далада отырған, егін егіп, мал жайып отырғандар. Асфальтта жүріп айғайлағандар емес. Алдымен үкімет жанынан бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құруды тапсырамын. Ол комиссия мемлекеттік органдар, қоғамдық органдарменен мына шаруаны талқылап, нақты түсіндіріп, Жер кодексіндегі даулы мәселелерді айқындап, Парламентке ұсыныстарды беріп, Парламентпен бірге қайтадан қарайтын боламыз. Түсінбей жүрген адамдарды шақыру керек. Бұл жұмысты Нұр Отан партиясымен бірге, оның жанындағы демократиялық күштердің біріккен коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Оған барлық партия, қоғамдық ұйым, БАҚ тартылуы керек. Оны жасырып қымтыратын ештеңесі жоқ. Барлық ел істеп отырған экономика ғой бұл» – деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы жиында.
Айта кетейік, осыған дейін Президент Жер кодексіндегі түзетулерге мораторий жариялаған болатын.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Ақорданың баспасөз қызметі.
• 05 Мамыр, 2016
Елімізде жер мәселесіне қатысты комиссия құрылатын болды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше