05 Мамыр, 2016

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
05.05.2016 AQT АҚТӨБЕ. 5 мамыр. Ақтөбеде жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бекеновтің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашқы әлеуметтік дүкен «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында биылғы жылғы наурыз айында ашылды. Мұндай дүкендерде тұтынушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағамен сатып ала алады. Алдағы уақытта әлеуметтік сауда орындары 12 ықшам ауданда, сонымен бірге «Батыс-2» және «Болашақ» ықшам аудандарында есіктерін айқара ашатын болады. «Қазіргі таңда біздің еншілес «Базарларды басқару» ЖШС балансында азық-түліктің бөлшектеме саудасын ұйымдастыруға арналған 7 шағын базар мен 4 жер телімі бар.  Ол жерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері 10 пайыздық үстемеақымен сатылады. Сонымен бірге, қажеттілік туындағанда азық-түлік тұрақтандыру қорынан жеткізілмек. Біз қолданыстағы шағын базарларды қайта салып, олардың санын облыс орталығына жақын орналасқан ауылдық округтердегі тұрғындарға арзан бағамен азық-түлік алатындай мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Қазіргі таңда Кірпішті, Благодарный және Қарғалы ауылдарында шағын базарлар үшін жер телімдері қарастырылуда», деді Қайрат Бекенов. ӘКК басшысы аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлікке бағаны тұрақтандыру мақсатында қазіргі таңда корпорация тарапынан шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді. Азық-түлікті өз бағасымен көршілес облыстардан тек Ақтөбе қаласына ғана емес, облыс аудандарына да жеткізу жағы қарастырылуда. Осы мақсатта «Базарларды басқару» ЖШС, Ақтөбе облысы аудандарының әкімдіктері және аудандағы операторлардың басшылары азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандумдарға қол қойды. Мұның өзі  облыс аудандарына тауарларды нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзанға сатып алуға мүмкіндік береді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz Фото: kerek-info.kz