АҚТӨБЕ. 5 мамыр. Өңірде өткізіліп жатқан «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясына «Қазхром»ТҰК»АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері бір кісідей атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған шара барысында олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық саябаққа өздерінің қаражатына сатып алынған 50 түп пирамидалық терек көшетін отырғызды. рталық саябаққаИгілікті іске өздерінің қолтаңбасын қалдыруға келген зауыттықтар бірі көшеттерді отырғызып жатса, енді бірі отырғызлған ағаштардың түбіне су құйып жұмысты қыздыра түсті. Зауыттықтардың қолымен отырғызылған ағаштар саябақта жайқалып өсіп, алып бәйтерекке айналсын деген ырыммен алқызыл лентаны да байлауды ұмытқан жоқ.
«Экологиялық мәселе біздің компанияда жалпы әрдайым басты назарда ұсталады. Біздің зауытта ағаш отырғызу жыл сайын жүзеге асырылады. Ағаш егу тазалықтың, жақсылықтың нышаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау, абаттандыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл баршаға ортақ іс. Бүгін, міне металлургтердің атынан орталық саябағына ағаш отырғызып қолтаңбамызды қалдырып жатырмыз. Бұл шара жақсылықтың нышаны болып қана қоймай, елімізді көркейтуге, жасыл желекке айналдыруға қосқан кішкентай ғана үлесіміз деп білемін», дейді қоршаған ортаны қорғау басқармасының инженер-экологы Өтеген Сапарберген.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше