ҚАРАҒАНДЫ. 5 мамыр. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров Ұлы Отан соғысының ардагерін үйіне барып құттықтады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында генерал Мергенбай Жаппаров майдангер, милиция қызметінің ардагері Асылхан Омархановтың шаңырағында болып, 92 жастағы қарияны мерекемен құттықтап, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырды.
Отставкадағы милиция подполковнигі Асылхан Омарханов Ұлы Отан соғысы кезінде Курс иіні үшін болған шайқасқа қатысып, Орел, Курск, Смоленск қалаларын жау қолынан азат етуге ат салысты. Соғыстан кейін 1951 жылдан бастап 1974 жылға дейін ішкі істер органдарында түрлі қызметтерді атқарған.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
• 05 Мамыр, 2016
Қарағандыда полиция басшысы соғыс ардагерін құттықтады

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше