Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы Жамбыл облысында туған. Еңбек жолын «Карагандапромстрой» тресінің шебері, инженер-геодезист болып бастаған. Алматы теміржолы комсомолының хатшысы болған. 1990-1992 жылдары «Халық қазынасы» кәсіпорны төрағасының орынбасары, «Саян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Астана-Холдинг банк» акционерлік қоғамының, «Казахинвест» корпорациясының, «Аэлита», «Сириус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығында қызмет атқарған. 2002 жылы Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, 2004 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы әкімі аппаратының басшылығында қызмет еткен.
Аян Әбдуәли.
Дерек: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Фото: inform.kz.