Ресей спорттық күрес федерациясының бірінші вице-президенті, еркін күрес шебері Адлан Вараев күтпеген жерден селфидің құрбаны болып кетті.
Қайғылы оқиға Чешенстандағы Аргун таулы өзені аңғарындағы шатқалды орын алған. Осы жерде КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аргун таулы өзенінің аңғарындағы шатқалда өзін суретке түсіріп алмақшы болып жатып, төменге қарай құлап кеткен.
Әзірге даңқты чешен балуанының денесін іздеу жұмыстары өзінің нәтижесін берген жоқ. Қазір 54 жастағы спорт функционерін іздеуге республика төтенше жағдайлар министрлігінің 200-ден астам қызметкері, бір топ еріктілер мен басқа да салалардың өкілдері қатысуда.
Адлан Вараев 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадада екінші орынға шығып, чешендер арасында Ойындар медалін жеңіп алған бірінші спортшы атанды. Ол КСРО-ның екі дүркін, Еуропаның үш мәрте чемпионы болды. Бұдан басқа, 1986 жылы әлем чемпионатының күміс медалін алса, келесі жылы чемпиондыққа қол жеткізген болатын.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше