Алдыңғы күні ұшақтан түскен бетте «Ақтөбе-ақпарат» орталығында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізіп, әріптестерімен ой бөліскен Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов кеше, жұмыс сапарының екінші күнінде Хромтау ауданында болып, сондағы Дөң тау-кен комбинатының спорт кешенінің, тау-кен колледжінің, «Хромтау кірпіш зауыты» ЖШС-ның жұмысымен танысты.
Мәжіліс депутаты кеншілер Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде өңірдегі экономикалық-әлеуметтік жағдай тұрақты екенін, әлеуметтік міндеттемелердің орындалғанын атап өтті. Азық -түлік бағаларын арзандату бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
С.Абдрахманов «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің мән-маңызын түсіндіріп, насихаттау Ақтөбе жеріне келген депутаттардың негізгі мақсаты екенін айта келіп, бұл идеяның өзегі Тәуелсіздік пен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы екенін баян етті. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі осы жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында қабылданғанын, құжатта Мәңгілік Елдің жеті ұстыны – Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік және келісім, Зайырлы мемлекет және Жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, Тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, Ұлттық қауіпсіздік пен жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге Қазақстанның атсалысуы негізделгенін тарқата әңгімеледі.
Б.Сапарбаев пен С.Абдрахманов кеше түстен кейін Тахауи Ахтанов атындағы облыстық қазақ драма театрында қала жұртшылығы, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнес, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен жүздесті. Депутат «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің мән-мағынасы туралы тарата баяндады, сонымен қатар, жер мәселесі тақырыбындағы әңгіме төңірегінде орын алған түсінбеушіліктің белгілі бір дәрежеде атқарушы билік тарапынан түсіндіру жұмыстарының кемшін болғандығының салдары деп санайтынын да ашық айтты.
Кездесуде жұмыс орындарын ашу, маман кадрлар даярлау, оралмандар, тұрғын үй салуға жер бөлу және басқа мәселелер әңгіме өзегіне айналды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын түсіндіру мақсатында Ақтөбе жеріне келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Сергей Симонов, Дания Еспаева, Мұхтар Ерман, Асылбек Смағұлов, Құралай Қаракен Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарында болып, сайлаушылармен кездесті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше