06 Мамыр, 2016

Жоғары бағалайтынын жеткізді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы Бей­біт­­шілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Төра­ға­сының орынбаса­ры – Хат­шылық меңгеру­шісі Ера­лы Тоғжанов Поль­ша Рес­­пуб­ликасы Сена­ты­ның төрағасы Ста­нислав Карчевс­ки­мен кез­десті. Кездесу барысында Ералы Тоғ­­жанов шетелдік қонақтар­ды қоғамдық келі­сім мен ұлт­аралық бір­ліктің қазақстандық мо­делімен таныстыра келіп, Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының құрылу тарихы, консти­ту­циялық мәртебесі, міндеттері және еліміздегі этнос­аралық келі­­сімді нығайту бойын­ша жүргі­зіліп жатқан жұ­мыстар туралы хабардар етті. Одан әрі Е.Тоғжанов Қазақ­стан халқы Ассамблеясы Парла­мент Мәжілісіне 9 депутат сайлау құ­қығына ие болғанын, осы арқылы Ассамблеяның қоғам­дық-саяси рөлі арта түскенін, «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы туралы» Заң қабыл­данғанын, осылайша бұл ұйым еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналғанын әрі оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалғанын атап көрсетті. Өз кезегінде Станислав Кар­чевски елімізде тұрып жатқан түрлі этностық топтарға тең құқық­тар мен мүмкіндіктер беруде­гі Қазақ­станның оң тәжі­ри­бесін үйренудің артықшы­лық­тары бар екенін атап көр­сетті. Сонымен бірге, ол біздің елі­мізде жүргізіліп келе жатқан бейбітшілік пен келісім саясатын Польша тарапы жоғары баға­лай­тынын әрі қолдайтынын жеткізді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»