06 Мамыр, 2016

Өзара ықпалдастыққа ұмтылыс

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент (2) ҮлкеніКеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов елімізге ресми сапармен келген Польша Республикасы Парламенті Сенаты делегациясымен кездесті. Делегация құрамын Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевски бастап келді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасы мәр­те­белі мейманды Поль­­шаның жыл сайын 3 ма­­мырда атап өте­тін Конс­­титуция күнімен құт­­тық­­тады. Құжат 1791 жылы қабылданған. Одан әрі тараптар бар­­лық сала бойынша екі­жақты ықпалдас­тық­тың маңызды мәселелерін тал­қылады. Мәжіліс Төрағасы атап өт­кендей, Польша Қа­зақ­стан­ның Орталық және Шы­ғыс Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріп­тесі. 2015 жылы екі ел ара­­­сын­дағы тауар айналымы 1 млрд. долларды құраған. Бүгінгі күні біздің елімізде Польша капиталы- ның қатысуымен 190 компания жұмыс істейді. Кездесу иелері алдағы уа­қытта елдер арасындағы эко­но­микалық бай­ла­нысты одан әрі кү­шейте түсудің маңызды­лығын, оған екі мемлекет­тің де әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.  Осы орайда, Қазақ­стан Пре­­зидентінің үстіміздегі жыл­дың тамыз айында Поль­шаға жоспарланған сапары­на айрықша мән берген мәртебелі мейман, оның екі елдің стратегиялық қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге серпін беретіндігіне сенімді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Қазақстан Еуроодақпен ын­тымақтастықты дамы­туға да барынша ынталы. Оған үстіміздегі жыл­дың нау­рыз айында Қазақ­стан Пар­ламентінде ратифи­ка­ция­ланған Қазақстан мен Еуро­одақ арасындағы Ын­тымақ­тастық пен әріп­тестікті кеңей­ту туралы келісім дәлел. Осы орайда С.Карчевски  ата­л­­ған келісімнің Польша Пар­­ла­ментінде де тезірек ратификациялануына ықпал ететіндігін жеткізді. Б.Ізмұхамбетов поляк кәсіп­керлерін Қазақстанда «Нұрлы Жол» жаңа эконо­ми­калық саясаты мен үдемелі индустриялық даму бағ­дар­ламасы аясында маңызды жобаларға белсене қатысуға шақырды. Осы ретте, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көр­месінің басымдықтарына айрықша назар аударылды (Польшаға бөлінген павильон көлемі 400 шаршы метр). Мәжіліс Спикері Қазақстан мен Польшаның транзиттік мем­лекеттер екенін алға тартып, Батыс Еуропа мен Азия бағы­тында тауарлар тасу көлемін арттыру жолында осы мүмкіндікті кеңінен пайдалану керектігіне тоқталды. Парламентаралық қатынас жөнінде екі ел парламенттері арасында ынтымақтастық жө­ніндегі топтың жұмысына көңіл бөлініп, қос тарап бүгінгі кез­десудің Қазақстан-Польша қарым-қатынасын, соның ішінде парламентаралық байланысты одан әрі нығайтуға жол ашатынына сенім біл­дірді.