06 Мамыр, 2016

Польшалық әріптеспен кең ауқымды әңгіме

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВ2Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Польша Сенатының төрағасы Станислав Карчевскимен кездесіп, келіссөз жүргізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Төрағалар Қазақстан мен Польшаның ынтымақтас­тығының жайын талқылады, сондай-ақ, маңызды халық­аралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Қ.То­қаев пен С.Карчевски парла­мент­аралық үнқатысуды және екі ел пар­ламенттері жоғарғы пала­­таларының өзара іс-қимы­лын жалғастыру туралы уағда­ласты. Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстан мен Польшаның аймақтық және жаһандық қа­уіпсіздік мәселелері жөнін­­дегі көзқарастарының ұқсас­тығын атап өтті. Қ.Тоқаев кездесу соңында: «Польша – Шығыс Еуропадағы ең дамыған елдердің бірі, бұл мемлекеттің әлеуеті өте жоғары, сондықтан Қазақ­стан үшін бұл елмен ынты­мақ­тастықты одан әрі да­мыту тиімді. Елбасы бұл мем­­­ле­кетпен екіжақты қа­рым-қаты­насты тереңдету үшін көп ең­­бек етті. Ал қазір біз осы сала­дағы жұмысты жал­ғас­тырып отырмыз», – деді. С.Карчевски өз кезегінде Польша Қазақстанды страте­гия­лық әріптес ретінде қа­рас­тыратынын және саяси, эко­номика, сауда және инвес­тиция салаларындағы өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниет­ті екенін жеткізді. Сенат Төр­ағасы Польшада Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ға­сыр» манифесін жоғары баға­лайтынын атап өтті. «Біз Пре­зиденттің манифесте айтқан пікірін толықтай қолдаймыз. Тек бейбітшілікті нығайту мен қарусыздану ғана әлемдегі қатынастарға оң әсер ете алады», – деді С.Карчевски.