Тәуелсіздік алып, әлем картасында Қазақстан атты мемлекеттің пайда болғанына биыл 20 жыл толмақ. Өмірі мен тарихы әріден келе жатқан, сүрлеу-соқпағы ықылым заманнан арнасын тартқан қазақ халқын көзге қалай елестетуге болады. Оған берер жауап дайын. Біз әрдайым қарапайым, еңбекқор, қажырлы, табанды халқымызды қыран құсы, ұшқыр тазысы мен жүйрік аты және үкілі домбырасы арқылы танып білеміз. Ата-бабамыз осы дүниелерді қастерлеп ұстаған, серігі еткен. Қарапайым қазақ тірліктегі нәсібін де осылардан тауып, азық еткені мәлім. Халқымыздың ежелгі салтында қыран баптап, аңға шығу дәстүрі қалыптасса, мұны спорттың бір саласы, саламатты өмір салтын ұстану десе де болады. Таза ауада уақыт өткізудің өзі бір ғанибет екенін бастан өткерген жанмын.
Менің арғы аталарым, әкем қыран құс, бүркіт ұстаумен айналысты. Бұл жақсы үрдіс маған бала кезімнен таныс болды десем артық айтпаймын. Әкемнен көргенім, әрдайым айтып, көзбен көрсетіп үйреткені бар, кейін азамат болып ат жалын тартып мінгеннен кейін бүркітпен өзім де шындап, беріле айналыса бастадым. «Тұйғын», «Алғыр» секілді бүркіттеріммен аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орынды иелендім. Кейін Көкшетауда өткен республикалық жарыста жүлделі 2-орыннан көріндік.
Бүркіт – киелі, қастерлі құс. Қыран құстың жадағайын қазақ төріне іліп қоятын. Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт, су бүркіт, дала бүркіт, тау бүркіті деп атайды.
Бүркіттің түсі қоңыр. Салмағы 4 килограммға дейін барады. Дене тұрқы – 95 сантиметрге дейін болса, жайған қанаты 2 метрге дейін жетеді. Қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп атайды. Ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын «көбесі» деп, қалғандарын «жебесі» деп атайды.
Аяғы 4 саусақты, оның артқысын «тегеуріні», ішкісін «жем басар», ортаңғысын «сығымы», шеткісін «шеңгелі» деп атайды. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды. Тұяқты жануарлардан ақбөкен, елік, таутеке, қара құйрық секілді аңдардың төлін жейді.
Ол таудың биік қияларына сексеуіл, тораңғы, тағы басқа ірі бұта, ағаш басына наурыз-сәуір айларында жұмыртқа салып, 45 күнде балапан басып шығарады. Мен көбінесе балапанын ұядан емес, жаңадан ұшыра бастаған кезінде қолға түсіріп, бағып жүрмін. Қара қанат болған кезінде баққан дұрыс.
Қазақ бүркітті ерте кезден ұстаған. Аңшылыққа үйреткен. Алғашында қолынан жем жеуге дағдыландырған. Содан кейін құсты алыста тұрып шақырып, өздігінен келіп жем жеуге баулыған. Мұнан кейін ат үстінде тұрып жемді көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Содан соң құсқа жемді аң терісін үстіне қою арқылы алғызып үйретеді. Бүркіт аңға үш тәсілмен – шаншыла, сыпыра және іліп түсу арқылы түседі.
Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақ бау, балақ бау, балдақ болады. Әрқайсының өз қызметі бар.
Үйімнің жанындағы арнайы жасалған торда бүркітімді бағып отырмын. Уақтылы таза еттен тамағын беремін. Бүркіті бар үйде жын-шайтан болмайды деген ұғым бар. Бүркіт – ердің серігі. Құстың алдынан қыз-келіншек, бозбалаларды өткізбейді. Айналып өтуі талап етіледі. Бүркіт бір сілкінгенде үйден бір пәле кетеді деп ырымдайды. Жақсы қыран құсы қаза болғанда құс иесі қатты қайғырып, аза тұтады. Құстың денесін ақ шүберекке орап, тау-тас жақпарына, құс ұясына жақын жерге жерлейді. Бүркіттің қанат, құйрық қауырсынын, бас терісін, тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланың бесігінің басына іліп қояды. Мұның себебі, қасиетті құс адамды пәле-жаладан, көз-сұқтан, қатерден сақтайды, баланы шошынудан қорғайды дейді. Бұл – шындық. Дәлелденген дүние. Құсбегі бір үйге құсымен кірсе, кетерінде бүркітінің иығына шоқ үкі тағып шығарады. Шошынған адамның басына бүркітті қондырып жатады. Толғақты жеңілдету үшін де үйге бүркіт әкеліп, әйелге көрсететін ырым бар.
Қазір бүркіт қазақ саятшыларының қолына ұстар, аңға салар алғыр қыраны, қызықты спорт өнері.
Бағашар НАУРЫЗБЕКОВ, бүркітші.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы.

Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Экономика • Бүгін, 20:30
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
Қоғам • Бүгін, 20:10
Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 19:05
Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады
Қоғам • Бүгін, 18:42
Соңғы үш жылда мәдениет саласының 592 өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 18:00
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Теннис • Бүгін, 17:52
Мануэль Нойер бесінші рет әлем чемпионатына қатысады
Футбол • Бүгін, 17:46
Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды
Логистика • Бүгін, 17:37
Президент тапсырмасы: Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана бой көтереді
Президент • Бүгін, 17:18
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:57
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Мектеп • Бүгін, 16:40
Әлемге әйгілі Шыңғыс хан туралы еңбек алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Руханият • Бүгін, 16:32
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді
Оқиға • Бүгін, 16:30
Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады
Үкімет • Бүгін, 16:14