07 Мамыр, 2016

Ерен ерлердің еңбегі еленді

563 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Мин Обороны997 мамыр – Отан қорғаушы күні

Отан қорғау – қасиетті борыш

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мем­лекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты.

06-05-01Мемлекет басшысының Жарлығымен Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бір топ әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Нақтылай айтқанда, барлығы 43 адам орден, 63 адам медаль және 2 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын иеленді. Нұрсұлтан Назарбаев рә­сімге жиналғандарды Отан қор­ғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс­тің 71 жылдығымен құттық­тады. «Ұлы Отан соғысы – тарихтың ұмытылмас сабағы. Бір жағынан, ол бізге әлемнің нә­зіктігін еске салады. Екінші жа­ғынан, адам рухының беріктігі мен қуаттылығын көрсетеді. Ота­ны­мызды қорғай білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған жер­лестеріміз осындай болған. Сол соғыстың қаһармандарының есі­мі тарих парағына мәңгі жазы­лып қалды. Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін қорғау», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ел азаматтары ширек ғасыр уақыт бойы тұрақтылық пен келісімде тату отбасы ретінде өмір сүріп жатқанына назар аударды. «Бейбіт күнде де ерлікке орын бар. Ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра білген әуе кемесінің командирі Дмитрий Родиннің ерлігін бүкіл қазақстандықтар біледі. Ол өзінің кәсіби білігінің ар­қасында 121 адамның өмірін сақтап қалды. Мен бұл әрекетті үлгі тұтуға лайық қаһармандық деп санаймын. Сондықтан оған «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Полковник Игорь Кармыков сел кезінде барлау-іздеу тобын тікұшақпен эва­куа­циялады. Өміріне қауіп төнген 10 адамды құтқарып қалды. Мемлекет оның еңбегін ІІ дәре­желі «Айбын» орденімен атап өтеді. Рота командирі Фархад Тағыр­бековтің арқасында 40 әскери қыз­метші аман қалды. Оған «Ерлігі үшін» медалі беріледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы ерлігімен ерекшеленген басқа да адамдарды атап өтті. «Өз басын қатерге тігіп, адамдарды өрттен құтқарған Да­нияр Қалиев ерен ерліктің үлгі­сін көрсетті. Сондықтан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Арамызда ел қауіпсіздігін ны­ғайтуға зор еңбек сіңіріп жүр­ген өзге де азаматтар бар. Халық­аралық деңгейде танылған мерген қызымыз Әсем Жәкенованы ерекше атап өткім келеді. Ол бүгін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайық деп танылды», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев өз басын қатерге тігіп, сарбазын кеудесімен қорғап қалған және көп жарақат алған Қайрат Үмбетовтің ерлігіне де тоқталды. Ол осы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды. Қазақстан Президенті ерлік пен қаһармандықтың осындай үлгісі елімізде аз емес екеніне ризашылық білдірді. «Көбіңіздің өз ерліктеріңізді айрықша нәрсе деп санамайтындарыңызды білемін. Сіздер үшін парыздың бәрінен биік тұратынын көрсетулеріңіз екі есе бағалауға лайық. Бұл – бүкіл еліміз үшін, қазіргі кезде ар-намыс үлгісі қажет болып отырған жас­тарымыз үшін керемет өнеге. Сондықтан біз ерекше көзге түскен отандастарымызға мемлекеттік наградалар тапсырамыз. Елдің қар­қынды дамуы, азаматтарының ты­ныштығы, қазақстандық патрио­тизм­­нің нығаюы – біздің пары­зы­мыз осы», – деді Мемлекет бас­шысы. Шара барысында әскери жә­не қызметтік міндетін атқару бары­сындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін «Fokker-100» әуе кеме­сінің командирі Д.Родинге, Ұлт­т­ық ұлан «Орталық» өңірлік қол­басшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қ.Үмбетовке «Халық қаhарманы» атағы берілді. I дәрежелі «Даңқ» орденіне Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті төраға­­­сының орынбасары Н.Біліс­беков, Ішкі істер министрінің бірін­­­ші орынбасары М.Демеуов, Ұжым­­дық қауіпсіздік шарты ұйы­мы Бас хатшысының орынба­сары А.Жан­­құ­лиев, Павлодар об­лы­сы­ның про­куроры М.Жөргенбаев ие болды. ІI дәрежелі «Даңқ» ордені Мем­лекеттік қызмет істері министр­лігі Сыбайлас жемқор­лыққа қар­сы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынба­сары Т.Татубаевқа, Қорғаныс ми­нис­тр­лігі 14776 әскери бөлімі Бірік­кен Араб Әмірліктері мен Кувейт және Катар мемлекеттеріндегі әскери атташесі қызметін қоса атқарушы Е.Оразовқа тапсырылды. I дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы А.Баймурзин, Қор­ғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі командирінің орынбасары – орталық бастығы С.Ізтілеуов марапатталды. ІI дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары С.Асановқа, Мемлекеттік күзет қыз­метінің департамент бас­тығы Н.Жұмабаевқа, Қорғаныс ми­нистрлігі 10228 әскери бөлімінің командирі Р.Жансейітовке, Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы бас штабы бастығының орынбасары Ә.Ыбыраевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі бастығының бірінші орынбасары Ф.Қаменовке, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Шека­ра қызметі жеке 1-ші авиация­лық базасының командирі И.Кар­мы­ковқа, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5572 әскери бөлімінің командирі В.Пу­зик­ке, Мемлекеттік күзет қыз­меті­нің департамент бастығы К.Тұр­сын­баевқа берілді. 06-05-02JPG 06-05-03 06-05-04.«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар депар­таменті Қостанай қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше коман­дирі Д.Қалиевке, Ішкі істер ми­нистрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол-патруль­дік полициясы полкінің полицейі Б.Қарымбаевқа, рота командирі – Қорғаныс министрлігі 29011 әскери бөлімі штаб батальоны командирінің орынбасары Ф.Та­ғыр­бековке тапсырылды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігі 44736 әскери бөлімі арнайы мақ­­сат­тағы барлау ротасының маманы (барлаушы-мерген) Ә.Жә­кенова, Қорғаныс министр­лігі 21751 әскери бөлімі авиация­лық эскадрильясының коман­дирі А.Құл­басов, Қорғаныс министр­лігі 85395 әскери бөлімі танк батальо­ны­ның командирі Д.Мұхамет­жа­нов, Қорғаныс министрлігі 36803 әскери бөлімі зымыран-техни­калық дивизионының коман­дирі М.Смағұлов наградталды. Осылайша, мемлекет тарапы­нан ерен ерлердің еңбегі әділ баға­ланып, лайықты құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, осы күні Елбасы жо­ғары әскери және арнаулы атақ­тар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне де қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзін­де қатысушыларды Отан қор­ғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жыл­дығымен құттықтады. «Мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша өз өмірін әскери қызметке арнаған ең үздіктерге жоғары атақтар тапсырамыз. Сіздер күн-түн демей, тәулік бойы қызмет ететін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде республикамызда тиімді армия қалыптасқанына, қару-жарақпен жабдықтау бағдарламасы табыс­ты жүзеге асырылып, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағ­дайына қамқорлық көрсетіліп жатқанына назар аударды. «Елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабі­летіне жауапты барлық құры­лымның кәсіби деңгейі күннен-күнге өсіп келеді. Бұл ретте генералдар мен офицерлерге айрықша маңыз беріледі. Жауынгерлік машық пен шеберлікті арттыру, әскерлердің өмірі мен құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгеріс жасау сіздердің көшбасшылықтарыңызға байланыс­ты. Сіздер бүкіл жеке құрамға және жас әскери қызметшілерге үлгі бола отырып, жауынгерлік абырой мен батылдық дәстүрінің сақтаушысы болуға тиіссіздер. Халық сіздердің қызметтеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге қарап, бүкіл Қарулы Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат нәрсе – аза­мат­тардың бейбіт өмірін сақтау және Тәуелсіздік табыстарын қорғау сеніп тапсырылған», – деді Мем­лекет басшысы. Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай өркендеуінің кепілі болатынын айтты. «Армия – өз орнын ешқашан тастап кетпейтін мәңгілік қарауыл» деген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ бере оты­рып, бұдан әрі де әскери бо­рыштарыңызды лайықты атқа­ратын­дарыңызға, Отанымызға мін­сіз қыз­мет ететіндеріңізге сенемін. Ел­дің қауіпсіздігін қамтама­сыз ету, құқықтық тәртібі мен конс­титуциялық құрылымын қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, білім­деріңіз бен тәжірибелеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Рәсім барысында авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Н.Орманбетовке; вице-адмирал әскери атағы Ж.Жанзақовқа; Мем­лекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы А.Кү­реңбековке; 2-сыныпты мем­лекеттік әділет кеңесшісі сынып­тық шені Ж.Асановқа; гене­рал-майор әскери атағы Л.Әл­шекеновке, Д.Ділмановқа, Н.Қа­шағановқа, С.Нұрахметовке, Ж.Омарқұловқа, М.Сатовқа, авиация генерал-майоры әскери атағы А.Айымбетовке, Н.Кәрбеновке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы А.Дүйсебаевқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы К.Әденовке, Мем­лекеттік күзет қыз­метінің гене­рал-майоры арнау­лы атағы А.Әшім­бекұлына; поли­ция генерал-майоры арнаулы атағы И.Лепе­хаға; 3-сыныпты мемле­кет­тік әді­лет кеңесшісі сынып­тық шені М.Қайыб­жановқа, С.Нұр­пейі­совке, Ұ.Патсаевқа берілді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ