07 Мамыр, 2016

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ішкі істерКеше қызметтік парызын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің монументіне гүл қою рәсімі болды. Салтанатты рәсімге Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ішкі істер органдарының зейнеткерлері қатысты. Құрбан болғандарды үнсіздік­пен еске алудан кейін ардагерлер мен шақырылғандар алдында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, ардагерлер кеңесінің төрағасы полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков сөз сөйледі. «Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісін тойлау – Қазақстан азаматында өз елі үшін ерекше мақтанышты қалыптастырады, патриотизмді нығайтады және Отанға қызмет етуге бағыттайды, өз мамандығы үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілердің мақтаныш дең­гейін арттырады. Маңызды бағыт – Қазақстан әскері мен құқық қорғау органдары дәстүрлерін, қызметкерлердің әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерліктерін ілге­рілету болып табылады», деп атап өтті Р.Жақыпов. «Егемен-ақпарат»