Дәурен Әскербекұлы АБАЕВ
1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастады. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы және Нидерланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссияларында жұмыс істеді, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін басқарды. 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істейді. Президент Протоколының бас сарапшысы, консультанты лауазымдарында қызмет атқарды. Президент Баспасөз хатшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтеріне тағайындалған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдан – Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы.№ 254«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше