07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қ.У.Бишімбаевты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр №250

Қуандық Уәлиханұлы БИШІМБАЕВ

Бишімбаев1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, сондай-ақ, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде Дж.Вашингтон атындағы (АҚШ) университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамында бастаған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті болды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, республика Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған. Индустрия және сауда вице-министрі, Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметтеріне тағайындалған. 2011-2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2013 жылғы мамырдан – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.