07 Мамыр, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Ресей көш­бас­шылары әңгіме барысында бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің алда келе жатқан 71 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, мемлекеттер бас­шы­лары екіжақты ынтымақтас­тықтың және Еуразия кеңістігіндегі өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелерін талқылады.