07 Мамыр, 2016

Құттықтау жеделхатын жолдады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті қазақ өнері мен әдебиетінің дамуына І.Жақановтың үлкен үлес қосқанын атап өтті. «Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндеріңіз арқылы бірнеше буынның құр­метіне бөлендіңіз. Қала­мыңыздан туған әдеби туынды­лар өнердегі қайталанбас тұлғалардың бейнесін сомдап, олар­ды жас ұрпаққа үлгі етуімен ерек­ше­ленеді. Сіздің айрықша жетіс­тік­теріңіз жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы І.Жақановқа шығармашылық табыс және зор денсаулық, отбасына бақ-береке тіледі.