«Мәңгілік Ел» – бабалар аманаты
Кестеге сәйкес өткен кездесулер
Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жексенбай Дүйсебаев Маңғыстау облысының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізді. Депутат Ақтау қаласындағы «Маңғыстау АтомЭнерго Комбинаты» ЖШС-інде, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында орналасқан «Каспий Цемент» ЖШС-інде жұмысшылармен кездесті, сондай-ақ, ауданның еңбек ардагерлерімен, аудан ақсақалдарымен, тұрғындарымен жүздесті. Кездесулер барысында бүгінгі күннің кейбір көкейкесті мәселелеріне байланысты әңгіме қозғалды. Ж.Дүйсебаев, сонымен қатар, кеше Түпқараған ауданында жергілікті тұрғындармен, еңбек ардагерлерімен бірқатар кездесулер өткізді және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг берді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы Ашық сауал, тұщымды жауап Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров пен Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев Жамбыл және Жуалы аудандарының тұрғындарымен кездесті. Алдымен екі ауданның біраз ауылдарына атбасын бұрып, жергілікті жұртпен емен-жарқын әңгімелесті. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Депутаттардың бұл кездесуі аудан орталығындағы Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Жиында заң шығарушы қос палатаның қазіргі тыныс-тіршілігі, құқық қорғау саласына қатысты заңдардағы өзгерістер, елдің жағдайы, ауыл халқының тұрмысы кеңінен әңгіме болды. Жиналған қауым көкейлеріндегі сауалдарын қойып, екі ортада ашық үнқатысу орнады. Б.Бекназаров пен Б.Ертаев көпшілікке толғандырған сұрақтарына қатысты ұғынықты негізде мағлұматтар берді. Әрине, әр саланың өз мамандары бар. Олар өз кәсібінің қыр-сырын бес саусағындай білсе керек. Осы орайда, аудан халқы көкейлерінде жүрген сауалдарын ашық жолдап, өз ойларын да ортаға салып, тұщымды жауаптар алды. Жамбыл облысы