АСТАНА. 7 мамыр. Канаданың Альберта провинциясында орман өрті өршіп тұр. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызыл жалынның салдарынан елде мұнай бағасы қымбаттады. Себебі, кен орындарының негізгі бөлігі дәл осы аймақта орналасқан. Осыған байланысты, бірнеше компания шикізат өндіру көлемін азайтты.
Алапат өрт Канаданың батысындағы Форт-Макмюррей қаласындағы әуежайға да ұласты. Сонымен қатар, аэропорт қасындағы қонақүй мен дүкендер қызыл жалынға оранды. Жолаушылар қауіпсіз аймаққа көшіріліп, әуе рейстерінің бәрі кейінге шегерілді.
Қазір тілсіз жаудың көлемі 10 есеге артқан. Сондай-ақ, аймақта тұратын 90 мыңға жуық тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір олар жергілікті хоккей ареналары мен спорт залдарын паналауда. Зардап шеккендерге Торонто қаласындағы еріктілер гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.
Ресми мәліметтер бойынша, алапат өрт 85 мың гектар аумақты шарпып үлгерген. Салдарынан 1,5 мыңнан астам ғимарат жарамсыз болып қалды. Болжам бойынша шығын көлемі 8 миллиард долларды құрап отыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.
• 07 Мамыр, 2016
Алапат өрттен 90 мың адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше