АСТАНА. 8 мамыр. Астанада қазақ күресінен Қорғаныс министрлігінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарысқа 16 балуан қатысты. Белдесуде бас жүлдені Талғат Әміренов жеңіп алды. Екінші орынды Арман Әбеуов, үшінші орынды Дархан Дәуітбеков иеленді. «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевтың айтуынша, жарыс алғаш рет әскерилер арасында өтті. Бұл белдесудің мақсаты – қазақ күресі қамтылмай жатқан салаларда ұлттық күресімізді насихаттау, күрес десе делебесі қозатын жігіттердің үлкен жарыстарға шығып, көрінуіне мүмкіндік беру. «Қазіргі кезде студенттер, жастар арасында ұлттық күресімізді дамытуды қолға алып жатырмыз. Болашақта қазақ күресін еліміздің барлық салаларында қамтуды мақсат етіп отырмыз», деді Арман Төлегенұлы.
Жеңімпазға алтын белбеу мен 300 000 теңге сыйақы, оның жаттықтырушысына 100 000 теңге сыйақы табыс етілді. Сонымен бірге ол «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалына жолдама алды.
Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медаль, диплом тапсырылды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше