АСТАНА. 8 мамыр. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 73 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Апат салдарынан тағы 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Оқиға жергілікті уақыт бойынша, сағат 06:30 кезінде Кабул мен Кандагар қалаларының арасында болды. Мәліметтер бойынша қос автобустың ішінде 120 адам болған.
Апат салдарынан бір көлік тұтастай өртеніп кетті. Жарақат алғандардың бәрі жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі әзірге белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: flickr.com.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше