09 Мамыр, 2016

Ақын Ақылбек Шаяхметтің бірнеше кітабы жарық көрді

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
09-05-16-shajahmetҚОСТАНАЙ. 9 мамыр. Қостанайда ақын Ақыбек Шаяхметтің бір жылда қатарынан бірнеше кітабы оқырманға жол тартты. Осы көлемді жұмысын ақын шығармашылығының 50 жылдығына арнады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақын биылғы жылы шығармашылық қызметінің елу жылдығын тойлауға дайындалуда. Оның тырнақалды жырлары осыдан елу жыл бұрын «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрген еді. Ақылбек Шаяхмет: «Ал жас ақындардың жырлары топтастырылған «Көктем тынысы» жинағында:«Арам сөздер бейне бір көміртегі, Адал сөздер – оттегі, семіртеді. Жақсы-жаман қасиет араласқан су секілді екен ғой өмір, тегі. Өткір тілдің кетпейді бекер емі, Жылы лебіз көңілді көтереді. Кейбіреулер қатты айтқан жалғыз сөзге, Ғұмыр бойы өкпелеп өтер еді. Біреулерге сөздер бар жараспайтын, От басынан сөздер бар әрі аспайтын. Ел ішінде дуалы ауыздар бар, Сырқатынды бойыңнан аластайтын. Үміт күтіп отыр-ау далам менен, Ақын болып, алаулап, жанам деп ем. Туған жерім, ең асыл, қасиетті Сақтап жүрмін бір сөзді саған деген» деген жырым басылған еді. Сол сөздің қорытындысы іспеттес «Сөз» жинағы биыл Алматыдағы «Дәстүр» баспасынан жарық көрді», – деді. «Сөз» деп аталатын жаңа өлеңдер жинағына әр жылдары жазылған өлеңдер енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі келеңсіз көріністерді тілге тиек етіп, имандылыққа үндейді. Адамдар арасындағы адамгершілік пен арсыздық, парасаттылық пен надандық, жақсылық пен жамандық, достық пен қаскөйлік, кішіпейілділік пен өркөкіректік, еңбекқорлық пен жалқаулық, мәрттік пен нәмарттық және басқа жақсы-жаман адами қасиеттер пен қасіреттер жайлы дарынды ақын тебірене қалам тербеп, оқырмандарын жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады. Ал «Голос степи» жинағы Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Юрий Бондаренконың алғысөзімен Астанада «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Жинақта жазушының халқымыздың дара тұлғалары Ыбырай, Шоқан, Ахмет, Ілияс Омаров туралы драмалық шығармаларымен қатар орыс тіліне аударылған прозалық туындылары мен өлең-жырлары бар. Ақылбек Шаяхметтің «Каскалар мен маскалар» деп аталған Қостанайдағы «Қарлығаш» баспасынан жарық көрген жаңа кітабында оның кейінгі жылдары жазған прозалық шығармалары мен мақалалары, көсемсөздері топтастырылған. «Ақылбек ақын айтқан екен» деген бөлімде жазушының әр жерде табан астында айтқан жолдары жинақталып отыр. Қостанайдағы «Баспа үйі» шығарған «Нар қазақ – намысы бар қазақ» атты кітабы төте жазумен басылған. Оған жазушының соңғы жылдары баспасөз бетінде және ғаламтордағы әртүрлі сайттарда жарық көрген туындылары жинақталды. Жинақ шет елдерде тұратын бауырларымызға арналған. Ақынның драмалық туындылары да көрермендер тарапынан жақсы баға алды. Оның кезінде «Алтын» қалам» сыйлығына ие болған, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринге арналған «Ыбырайдың өсиеті» драмасы (режиссері А.Лиопа) Қостанайдағы орыс драма театрында қойылса, «Өкініш» деп аталатын трагикомедиясы (режиссері Ержан Қауланов) Ілияс Омаров атындағы Қостанай обыстық қазақ драма театрында аншлагпен өтуде. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12