09 Мамыр, 2016

Кен алыбында көктемгі ағаш отырғызу науқаны басталды

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
09-05-16-tal eguҚОСТАНАЙ. 9 мамыр. Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінде «Ағаш отырғыз» акциясы басталды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарына кәсіпорын 3 млн. теңге бөлді. Бұл қаражатқа 1000 пирамидалық терек, қарағаш, алма ағашы, татар үйеңкісі, сондай-ақ, хош иісті мамыргүл мен итмұрын бұталары сатып алынды. Жасыл желектің негізгі отырғызылатын аумағы ретінде Оңтүстік-Сарыбай кенішінің санитарлық-қорғау зонасы таңдалды. Ағаш көшеттерінің қалған бөлігі Железорудный стансасының тұрғын үйлер аумағында орын тебетін болады. Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің экология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысы Ерболат Көппаев: «Мұндағы барлық бөлімшелерде экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылады. 2005 жылдан бастап бірлестікте қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істеп келеді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыруға арналған «Парыз» республикалық конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясын иеленуіміз – осының дәлелі. Сол жылы кәсіпорын жұмыскерлерінің күшімен 10 мыңнан астам пирамидалық терек, шегіршін, қайың, шырша, қарағай мен бұталар өнеркәсіптік алаңнын санитарлық-қорғау зонасының шекарасында отырғызылған болатын», – деді. Биыл жасыл желекті отырғызуда бірлестік жұмыскерлеріне «Жастар» қоғамдық бірлестігі көмекке келіп отыр. Ұйым мүшелері өз миссияларын зор жауапкершілікпен атқарып келеді. Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің жастар ресурстық орталығы жетекшісі Максим Фролов: «Ағаш отырғыз» акциясына қатысу – біз үшін үлкен абырой. Біз қала құраушы кәсіпорын басшылығы экологиялық мәселелерді шешуге қашан да дайын екендігін жақсы білеміз. Наурыз айында БАҚ-та жарияланған материалдар негізінде зерттеулер жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша Рудный ең аз ластанған қалалардың қатарына кірген. Бұл ағаштар да жаңа жерде тамыр алып, болашақта адамдарға тек қана пайдасын әкеледі деген үміттемін», – деді. Ағаштарды отырғызу науқаны мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Одан кейін осы жасыл желекті күтіп-бағу жұмыстарына кезек берілмек. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің баспасөз қызметі. 09-05-16-tal egu 1
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12