АҚТӨБЕ. 9 мамыр. «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация бөлмесі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оның ашылу салтанатына Судьялар одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Қалмұхамбетов, соттар әкімшісі А.Мамбетов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Б.Акзамов, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке мекемесінің директоры А.Куртаева, облыстың кәсіби медиаторлары қатысты.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған соттар әкімшісі А.Мамбетов басты мақсат соттан тыс дауларды шешу артықшылықтары, медиация туралы Заңының ережелерін азаматтардың назарына жеткізу болып табылатындығын атап өтті. Қазіргі таңда соттар медиацияны қолдану тәртібімен шешілу мүмкіндігі бар істермен жүктелген. Медиация бөлмесінің ашылуы халыққа дауларды соттан тысжағдайда шешудің артықшылықтарын білу мүмкіндігін береді.
Кездесу барысында Судьялар одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Қалмұхамбетов медиация бөлмесінің ашылуы сот қорғауына жүгінбей-ақ дауларды шешетін, қазіргі таңда бітімгерлік келісімді қолдану қажеттілігі бар уақтылы және негізгі қадам болып табылады деп атап өтті. Медиатор орталықтары ұсақ дау-жанжалдарды дербес шешу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, қазіргізаманғы азаматтық қоғамды қалыптастыруда айтарлықтай қолдау көрсете алады.
Фемида өкілдерінің ақпараттарына сай, медиация тәртібімен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 219 іс, оның ішінде 142 қылмыстық іс және 77 азаматтық іс қаралған.
Кездесуге қатысушылар кеңсе жабдықтары мен әдістемелік нұсқаулар, қажетті жиһаздармен жабдықталған медиация бөлмесіімен танысты. Сонымен қатар, медиация бөлмесіінде 2 ақпараттық баннер, медиацияны қолдану саласы туралы, бітімгерлік келісім процедураларын жүргізу принциптері және кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімі туралы ақпараттары бар арнайы стенд жасақталлған. Кездесу соңында қатысушылар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше