09 Мамыр, 2016

«Ертіс» премьер-лигада көш бастады

237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
09-05-2016-kpl suret 03АСТАНА. 9 мамыр. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 10-туры аясында үш ойын ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ертіс» (Павлодар) – «Тараз» (Тараз) 2:1 Голдар: Роман Мұртазаев 16, Марат Шахметов 56 (автогол) – Малик Мане 34. Бүгінгі кездесулердің ішінен Павлодардағы «Ертіс» – «Тараз» ойынын аса тартысты болды деуге толық негіз бар. Матчтың 16-минутында павлодарлықтардың сапынан Роман Мұртазаев (суретте) нәтижелі соққы жасап, есеп ашты. Айта кетейік, бұл – Романның биылғы маусымдағы 7-голы. Үшінші ойында қатарынан мерейі үстем болған ол әзірге мергендер көшінде жеке-дара топ бастап келеді. «Тараз» ойыншылары үзіліске дейін Малик Маненің көмегімен таразы басын теңестірген болатын. Алайда, қарсыластарының екінші таймдағы толассыз шабуылы өз жемісін бермей қоймады. Сондай сәттердің бірінде Марат Шахметов өз қақпасына гол соғуға мәжбүр болды. Бұл ойынның 56-минуты болатын. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгеріссіз қалып, алаң иелері жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін «Ертіс» 26 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Алайда, ертең өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдайтын «Астана» командасында павлодарлықтарды екінші орынға ығыстыруға мүмкіндік мол. Ол үшін елордалықтар аталған кездесуде ұпай жоғалтпауы тиіс. «Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:0 Голдар: Азат Нұрғалиев 22 (пенальти), Еркебұлан Тұңғышбаев 47. Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Қарағандының «Шахтерімен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Азат Нұрғалиев он бір метрліктен есеп ашса, екінші бөлікте Еркебұлан Тұңғышбаев мергендігімен көзге түсіп, есепті еселеді. Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» турнир кестесінде 3-орынға көтерілді. Дегенмен, 10-турдың соңғы қорытындысы бойынша шымкенттіктерді «Оқжетпес» командасы басып озуы әбден мүмкін. Атап айтқанда, ертең көкшетаулықтар сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» жеңсе, қайтадан үздік үштіктің қатарына қосылады. «Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Атырау» (Атырау) 1:0 Гол: Дидар Жалмұқан 74 (пенальти). Ақтөбеде өткен батыс дербиінде алаң иелері басым түсті. Бұл матчта ойын тағдырын пенальтиден соғылған жалғыз гол шешті. Кездесудің 74-минутында Дидар Жалмұқан он бір метрлікті дәл орындап, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, «Ақтөбе» 15 ұпаймен турнир кестесінде 5-орынға нық табан тіреді. Ертең, яғни 10 мамырда турдың қалған үш ойыны ойналады. Аталған матчтарда мына командалар кездеседі: «Астана» (Астана) – «Ақжайық» (Орал) «Тобыл» (Қостанай) – «Қайрат» (Алматы) «Жетісу» (Талдықорған) – «Оқжетпес» (Көкшетау). Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Фото: vk.com.
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12