10 Мамыр, 2016

Мұз айдынындағы бәсекелер

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
хоккейден кезекті 80-ші әлем чемпионаткүн санап қарқын алып, қыза түсті 6 мамырда Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында хоккейден кезекті 80-ші әлем чемпионаты басталды. Оған қатысушы 16 команда екі топқа бөлініп, екі қалада іріктеу турнирі ойындарын өткізіп жатыр. Бұлардың қатарында былтыр бірінші дивиз­ион­нан шыққан Қазақстан хоккейшілер жасағы да бар. Жаһандық жарыс алғашқы күндерден сенсациялар мен күт­пеген оқиғаларға толы болды. Ол Мәскеуде Швеция мен Латвия, Санкт-Петербургте АҚШ пен Ка­нада құрамалары арасындағы кездесулермен басталды. Алғашқы сенсация бұлардың бірінші жұбында тіркелді. Аса тартысты өткен матчтың негізгі уақытында жеңімпаздар анықталмады. Ла­тыш­тар өздерінен қашаннан бір иығы жоғары тұрып келген шведтерге овер-таймда ғана есе жіберіп алды. Есеп – 1:2. Ал Американың екі құрамасы арасындағы матч­та «Үйеңкі жапырағы елінің» хоккейшілері түстіктегі ежелгі қарсыластарын 5:1 етіп талқандап шықты. Мұны да сенсацияға балауға болатын шығар. Бұл күні сондай-ақ, алаң иелері – Ресей терме жамағаты күтпеген жерден Чехиядан 0:3 болып ұтылып қалды. Ал Финляндияның Беларусьті 6:2 етіп ұтуын мамандар қалыпты жағдай ретінде қабылдады. Келесі күні сенсацияны Қазақ­станның мұзды айдын серілері өмірге әкелді. Олар өздерінен десі басым, негізінен түбі канадалық ойыншылардан құралған Швейцария командасымен негізгі уақытта да, қосымша кезеңде де 2:2 есебімен тең түсті. Бұдан кейін буллитте Найджел Доустың мергендігі арқасында қарсыласынан жеңісті соңғы мезетте тартып әкетті. Бізден алғашқы шайбаны Роман Савченко өз алаңы бетте, көк сызықтың бойында ұрып, қарсы қақпаның «тоғыздығына» түсіру арқылы соғып, есепті теңестірді. Екінші шайбаны Роман Старченко салды. Бұл күні тағы бір сенсацияны Чехиядан буллит қорытындысында 3:4 болып ұтылған Латвия жасады. Ал Дания Норвегияны 3:0, Словакия Венгрияны 4:1, АҚШ Беларусьті 6:3 етіп ұтты. Фран­ция Германияны буллиттен 3:2 есебімен сүріндірді. Мамырдың 8-і күні Қазақстан құрамасы Ресей командасымен үшінші кезеңнің басына дейін 4:4 болып тең түсіп тұрып, тағы бір сенсация жасап кете жаздады. Тек содан кейін көпшілік болып ойнаған сәттерін тиімді пайдаланып кеткен алаң иелері 6:4 (3:3, 1:0, 2:1) есе­бімен жеңіп кетті. Жеңімпаздар сапынан Евгений Дадонов (7-минут), Роман Любимов (10, 49), Сергей Мозякин (12) және Антон Белов (39, 44) мергендіктерімен көзге түссе, қазақстандықтар қатарында Дастин Бойд (9), Роман Старченко (10), Евгений Рымарев (20), Максим Семёнов (41) гол салды. Ал қалған ойындар мынадай нәтижелер әкелді: Норвегия – Швейцария 4:3 ОТ, Швеция – Дания 5:2, Венгрия – Канада 1:7, Финляндия – Германия 5:1, Франция – Словакия 1:5. Осы ойындардан кейін А тобында Швеция, В тобында Канада 6 ұпаймен топ бастады. Руслан ИГІЛІК
Соңғы жаңалықтар

Жұмақ – жүректе

Кино • Бүгін, 08:30

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Саяның «SSS» мектебі

Қоғам • Бүгін, 08:12