10 Мамыр, 2016

Моңғолиядағы қазақ генералы

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
x-defaultқұрметпен еске алынып, рухына тағзым етілді Моңғолияның астанасы – Улан-Батор қаласында Моңғолияның атақ­ты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күш­терінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановты еске алуға арналған шара өткізілді. Оны Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырды. Шара батырдың бейітіндегі құлпы­тасқа гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге Қазақстан Респуб­ликасының Моңғолиядағы елшісі Қалыбек Қоб­ландин, Моңғолия Парламентінің депутаттары Тілейхан Алмалық, Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы және Моңғолияның еңбек сіңірген ұшқышы, отставкадағы подполковник Тәштуан Төтейұлы қатысты. Мүдәріс Зайсанов – Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарып, генерал-майор дәрежесіне дейін жеткен. Ол 1910 жылы қазіргі Шығыс Қазақ­стан облысына қарасты Зайсан өңірін­де туған. Ал 1920 жылдары оның 10 жасында ата-анасы Моңғолияға қоныс аудар­ған. Болашақ даңқты ұшқыш 1932 жылы Орынбор ұшқыштар даярлайтын училищесін бітірген. Ол екінші дүние­жү­зілік соғыстың алдында Халхин-Гол шайқасына қатысып, теңдессіз ерлік­тің үлгісін көрсеткен. Осы үшін Моң­ғолия мен Кеңес Одағының ең жоғарғы наградаларының бірі – «Қызыл ту» орденімен марапатталған. Ал 1942 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Генерал Мүдәріс Зайсанов 1967 жылы 57 жасында Улан-Батордың әскери госпиталінде қайтыс болған.  Мұрат АЙТҚОЖА