Өскеменде Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовқа бюст қойылды. Облыс орталығының Металлургтер кентіндегі батыр атындағы көшенің жиегінен орын тепкен ескерткішті Жаңабай Әшімов бастаған жерлестері орнатты.
Ескерткіштің тұсаукесеріне жиналған жұрт хас батырдың бейнесі ойдағыдай сомдалғанын жеткізді. Жергілікті ақын Нұртай Тілеужанұлы: «...Өскеменнің шығысынан кірген елді, қазақтың хас батыры қарсы алады» деп жырдан шашу шашты. Расында, өзінің 22 жыл қысқа ғұмырында өшпес ерлігімен тарихта қалған баһадүрдің ескерткіші қалаға кірген жолаушының назарын бірден аударатын оңтайлы жерге қойылғанын айта кеткен ләзім. Кеңес Одағы Батырының атында осыған дейін Шығыс өңірінің Ұлан ауданында бір мектеп пен бір ауыл бар еді. Енді облыс орталығынан көше беріліп, ескерткіші орнатылды. «Ер есімі – ел есінде» деген осы.
Ұлан ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рашидбек Мұхамеджан ескерткішті құюға көмек қолын созған атымтай азаматтарға алғысын айтты. Ашылу салтанатына жиналған жұртшылық батыр рухына тағзым етіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. І.Айтықов атындағы мектептің өрендері батыр аталарына арнаған жырларын оқып, ел рухын көтерер асқақ әндерін шырқады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше