Орталық алаңдағы радиодан шыққан Левитанның үні ауыл шырқын бір-ақ күнде бұзды. Соғыс басталғанын естіген жұрт шаң көшеде әрі-бері сабылысты да қалды. Әр үйдегі тепсе темір үзетін жігіттер соғысқа аттана бастады. Біреу үшін атпалдай азамат болғанымен, олар анасының, әкесінің бауыр еті баласы еді.
Отан алдындағы борышын өтеуге Күршім ауданындағы, Жолнұсқау ауылының тумасы Құсман Жонсағатов та аттанды. Аудан орталығына қарай кейбіреуі ат арбамен, енді бірі жаяу-жалпы кетіп жатты. Жылдар өте жасы жеткендердің майдан даласына аттанып жатуы қалыпты жағдайға айналды. Елдің де еті үйренді. Бірақ жарыса ұшқан қорғасын оқ пен снарядтардың арасынан аман шығу бір Алланың ғана қолында еді.
Құсман Жонсағатов Күршімнен шақырылып майданның бел ортасына түседі. Гвардиялық артиллериялық полкте зеңбірекшілер командирі болады. Кескілескен ұрыстардың бірінде старшина Жонсағатов Региттен аймағында екі пулеметтің көзін жояды. Пулеметтен қарша бораған оқ толастар емес. Кеңес әскерінің бас көтеруге мүмкіндіктері қалмай бара жатады. Сонда амалы таусылған Құсман жер бауырлап барып, жауға күтпеген жерден оқ атады. Атқан оғы пулемет тізгініндегі немісті сұлатып түсіреді. Енді екінші пулеметтегі жау әскері Құсманға бағыттап оқ жаудырады. Айласы асқан старшина ол пулеметтің де үнін өшіреді.
Осыдан кейін ерлігін байқаған басшылық Құсман Жонсағатовты «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттайды. Кейіннен жаяу әскер Латвиядағы Айвиексте өзенінен өткен кезде атқыштар командирі Жонсағатов дұшпанның минометі мен бақылау пунктін жойып жібереді. Бұл батылдығы «Ерлігі үшін» медаліне лайық деп табылады.
Шығыс Пруссия майданында, Кенигсберг қаласын жаудан азат етуге қатысады. 1945 жылы III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Гвардия старшинасы Құсман Жонсағатов 1946 жылы запасқа шығарылған. Артындағы ұрпақтары ол кісінің ерліктері жайлы Ресейдің «Подвиг народа» сайтынан оқып біледі.
Совет Сәлиев,
Зайсан қалалық ақсақалдар ұйымының төрағасы
Шығыс Қазақстан облысы

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше