Теңдесі жоқ қаһармандықтың, ерліктің және бейбіт тұрмыс пен Отанның бостандығын қорғап, халқымыздың рух күшінің символына айналған адамзат тарихындағы ең қантөгіс соғыста 55 солтүстікқазақстандық Кеңес Одағының Батыры, 11-і «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. Аты аңызға айналған 314-ші атқыштар дивизиясы Қызылжар өңірінде құрылып, 20-дан астам қала мен 1 мыңға жуық елді мекенді жаудан азат етті.
Ұлы Жеңіс күні сұрапыл қан майданда от кешкен кешегі жауынгерлердің – бүгінгі майдангерлердің ерлік жолдары өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге мектебі, Отанға деген адалдықтың үлгісі ретінде ардақталып, лайықты түрде атап өтілді. Театр алаңында өткен митингте аймақ басшысы Ерік Сұлтанов сөз сөйлеп, солтүстікқазақстандықтардың ортақ жеңіске зор үлес қосқанын, бүгінгі күні бірлік пен келісім басты құндылығымыз болып табылатынын көлденең тартты. Қала жұртшылығының қатысуымен «Жеңіс» стелласына, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылып, ел, жер үшін жандарын пида еткен боздақтардың рухы еске алынды.
Орталық алаңда «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында ұйымдастырылған патриоттық композиция майдан даласына аттанған жауынгерлердің ерлікпен өрілген өмірлерін көз алдымызға елестетіп, патриоттық сезімдерге қозғау салды. Содан бері арада қаншама жыл өтсе де, жеңіс даңқы халық жадынан өшпейтінін, жүректерде мәңгілік сақталатынын тағы бір айғақтап берді.
Қаланың басты көшелерімен мотошеру, автошеру колонналары сап түзеп өтіп, мереке шырайын аша түссе, «Мәңгі өлмес полк» парадына қатысушылар қатары өте қалың болды. Концерттік бағдарламаға этномәдени бірлестіктер де белсене қатысып, түрлі тілдерде жеңіс әндерін әуелете шырқады.
Жеңіс мерекесі түнгі отшашуға жалғасты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
ПЕТРОПАВЛ

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше