10 Мамыр, 2016

Майдангерлерге құрмет

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09.05.16 у Обелиска Славы «Вечный огонь» 6Ақтөбеліктер Ұлы Жеңістің 71 жылдығын кең көлемде атап өтті. Мерекелік салта­нат­­тың басты шарасы «Мәң­гі­лік алау» алаңында ұйымдастырылды. Мұнда соғыс және еңбек арда­герлері, ақтөбеліктер, қаладағы әс­кери бөлімдердің және күш құры­лымдарының жеке құрамдары мен Талғат Бигелдинов атындағы әуе күш­­тері әскери институтының кур­сант­тары, жастар жиналды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысы және еңбек арда­гер­­лерімен жеке-жеке аман­дасып шық­­ты,Ұлы Жеңістің 71 жыл­дығы­мен құттықтады. – Соғыс қаншама боздақтың өмі­рін қиды. Отан қорғауға 122 430 жерлесіміз қатысқан екен. Осы қан-қасап майдан даласынан орал­мағандардың 38 мыңы – ақтө­бе­лік­тер. Ұлы Отан соғысында 35 ақтө­бе­лік Ке­ңес Одағының Баты­ры, 9 жер­лесіміз «Даңқ» ор­дені­нің то­лық кавалері атанды. Сіздердің ер­­лік­тері­ңіз бен тыл­дағы ең­бек­теріңіз кейін­гі ұр­паққа өнеге. Біз сіздердің алдары­ңыз­д­а мәң­гілік басымызды иеміз, – деді Бердібек Мәшбекұлы. Облыстық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Кеңес Бір­манов соғыс арда­герлерінің Ел­басы мен өңір бас­шысының қам­қорлығына алынып, ұдайы қол­дау көрсетіліп отырғанын жет­кізді. Шараға қатысу­шылар қаза болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, үш дүркін салют берілді. Мерекелік салтанат ақтөбелік өнер шеберлерінің мерекелік кон­церттік бағдарламасына ұласты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ