10 Мамыр, 2016

Қастерлі мейрамдардың бірі

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ERA_7853+Қызылордада Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Қаһарман ұрпаққа мың тағзым» атты рәсім өтті. Шараға Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері бастаған Сыр жұртшылығы қатысты. Алдымен қан майданнан оралмаған боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Содан соң жиналған қауым «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Екінші дүниежүзілік соғысқа Сыр өңірінен 70 мың сарбаз аттанса, соның тең жартысына жуығы елге оралған жоқ. Қазір аймақта 64 майдангер бар. – Ұлы Отан соғысы Отаны мен тарихи әділдік үшін жан қиюға дайын қаһарман халқымызды күллі әлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс – сіздердің ерліктеріңізді Мәңгілік Ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тәуелсіз Қа­­зақстан да болмас еді. Сон­дықтан, да Ұлы Жеңіске өлшеу­­сіз үлес қосқан әрбір арда­­герге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамыз. Бар­ша­ңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын,– деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Мұнан соң «Жасампаз жасақ» шеруі өтті. Бұл жоба биыл қата­ры­­нан төртінші жыл жүзеге асып отыр. Ерікті азаматтардан құ­ралған шеру сапында Ұлы Отан со­ғысында шейіт болған, елге оралған, Семей-Невада, Чер­но­быль апаты, Ауған соғысы арда­герлерінің ұрпақтары, батыр аналар, жастар бар. Бұл – бүгінгі ұр­пақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер бабаларын ұмыт­пайтындығының бір көрінісі. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» ҚЫЗЫЛОРДА