АСТАНА. 11 мамыр. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласында болған лаңкестік әрекеттен 3 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
CNN Türk телеарнасының хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да орталық аудандардың бірінде болған. Содырлар жарылғыш зат орнатылған автомобильді полиция көліктері өтіп бара жатқан кезде жарып жіберген. Салдарынан тағы 22 адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Террорлық әрекетті қай топтың жасағаны белгісіз. Алайда, болжам бойынша бұл іске «Күрдістан жұмысшылар партиясының» қатысы болуы мүмкін. Себебі, соңғы айларда Диярбакыр қаласының маңайында үкімет әскері мен аталған ұйымның арасында қақтығыстар жиі орын алуда.
Айта кетейік, өткен айдың 15 сәуірінде бірнеше провинцияда өткен арнайы операция кезінде ондаған экстремист қаза тапты. Ал мәліметтер бойынша, осыған дейінгі қақтығыстар кезінде барлығы 600 содырдың көзі жойылған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: РИА «Новости».
• 11 Мамыр, 2016
Түркияда болған лаңкестік әрекеттен 3 адам қаза тапты

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше