11 Мамыр, 2016

Павлодарда мерекелік шара өтті

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11-05-16-merekeПАВЛОДАР. 11 мамыр. «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мерекеде белорус және өзге тілдерде әндер, өлеңдер айтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Концерттік бағдарламада бірлестіктің «Жаураначак» және «Карамельки» би топтары, «Крыницы» вокалды хоры, «Надзея» вокалды ансамбілі және «Млечый шлях» вокалды-аспаптық ансамблдері өнер көрсетті. Бозторғайлар мүсіндері әзірленген. Ильченко Анастасия беларустердің тағамдарын жасап, аспаздық құпияларын паш етті. Этномәдени бірлестіктің жастары бозторғайлар жылы күндер мен егіннің молшылығын алып келсін деп «веснынкалар» деп аталатын қысқа өлеңдер айтты. «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Любовь Богнаттың айтуынша, «Гуканьне Вясны» белорустардың көктемгі мерекесі жалғасуда. Фарида Бықай. Дерек, фото: egemen.kz. 11-05-16-mereke 1